ЭЖМ студенттері ХІХ Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне қатыспақшы

Экономика жоғары мектебінің “Аударма ісі” мамандығының 4-курс студенттері Амангелді Диляра мен Тимофеевич Валерия 2017 жылдың 14-21 қазан аралығында Сочи қаласында өтетін ХІХ Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

2017 жылғы ХІХ Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне әлемнің 150 елінен жиырма мыңнан астам адам қатысады. Бір алаңда алуан түрлі салалардың жас көшбасшылары жиналады: жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері, жас тілшілер, шығармашыл жастар мен спортшылар, жас инженерлер мен ІТ-мамандар, саяси партиялардың жастар ұйымдарының көсемдері, жас кәсіпкерлер, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының басшылары, жас ғалымдар. Қатысушылардың қонақүй мен тамақтану шығындары бағдарлама есебінен өтеледі.

Экономика жоғары мектебінің атынан студенттерімізге табыс тілейміз!