Экономика жоғары мектебінің «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері Дүниежүзілік туризм күнін атап өту аясында Қарқаралыға барды

Университетіміздің 16 студенті Қарағанды облысында орналасқан Қарқаралы ұлттық табиғи саябағында 2 күн өткізді. Бұл өзінің алуан түрлі ландшафтарымен әйгілі Қазақстанның қорғалатын аумақтарының бірі.

Сапардың мақсаты құзға шығу дағдыларын жаттықтыру және  өңірдің рекреациялық ресурстарын бағалау болды. Студенттер көрікті жерді тамашалап, ұмытылмас керемет әсер алғандықтан, бұл демалыс күндері естерінде көпке дейін сақталатын секілді.

Сапарды ұйымдастырғаны үшін туризм бөлімінің инструкторы Дәурен Ерсұлтановқа алғысымызды білдіреміз!