«The Phoenix» газетінің бесінші нөмірі жарық көрді

Жаңа оқу жылы, өткен жаздың қорытындысы, «ЭКСПО – 2017» көрмесінде орын алған неше түрлі оқиғалар, Экономика мектебінің CIMA және ICAEW бағдарламалары тәрізді соңғы жетістіктері – осының барлығы және көптеген басқа да қызықтар жайында «The Phoenix» студенттік газетінің кезекті нөмірінен біле аласыздар.

Бұл басылымнан әркім өзіне пайдалы да, қызықты да ақпаратты таба алады – Дидар Кушамановтың берген сұхбатында фуд-фото, «Ой-пікірлер» айдарында – бірінші курс студенттеріне студенттік өмірдің фобияларын қалай жеңуге болатыны туралы ақыл-кеңестер және ең соңында, әдеттегідей, фотосессия, бұл жолы «Жазғы өмір» тақырыбына арналған.

«The Phoenix» газетін мына сілтемеден өтіп, оқуға  болады.