Студенттердің Конрад Аденауэр атындағы қордың өкілдерімен кездесуі

23 қараша күні Экономика жоғары мектебінің студенттері Конрад Аденауэр атындағы қордың өкілдерімен кездесті.
Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Томас Хельм және өкілдік басшысы Алия Мусина Қор қызметімен таныстырып, SUR-PLACE стипендиясы жайында айтып берді.