KAZGUU және Хоф Университеті қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру туралы шартқа қол қойды

2019 жылдың 17 қазанында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде Хоф Университетімен (Германия) қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылды. Салтанатты шараның шымылдығын M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев ашып, әрі қарай д-р Тило Клиннер, Германия Елшісі және Prof. Dr. Dr. h.c. Jürgen Lehmann, Хоф Университетінің Президенті сөзін жалғастырып, халықаралық тәжірибенің арқасында неміс мәдениеті мен білімін тану үшін бар бірегей мүмкіндікпен таныстырды.

Екі университеттің арасындағы Қос диплом туралы шартқа қол қою салтанатты рәсіміне KAZGUU студенттері мен оқытушылары да қатысты. Экономика жоғары мектебі Хоф Университетімен бірге қос диплом бағдарламасын Marketing, Management, HR Management, Finance және IT in Business бағыттары бойынша іске қосуда.

Салтанатты жиынның ресми жағы аяқталған соң Хоф Университетінің халықаралық бөлімінің басшысы неміс университеті және қала, Германиядағы өмір туралы ақпаратпен бөлісті. Неміс білімі әлем бойынша ең үздіктердің бірі әрі қолжетімді болып саналады, сондықтан енді төрт жыл оқып, студенттердің Қазақстан мен Германияның екі беделді жоғары оқу орнының дипломының иегері атану мүмкіндігі бар.

Экономика жоғары мектебі әрдайым жарқын болашаққа бастар жолды ұсынуға қуанышты. Қос диплом бағдарламасы бойынша барлық сұрақтарыңызды zarina@kazguu.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.