М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, Экономика Жоғарғы Мектебінің Іскерлік Кеңесі, 27 қараша 2020 ж

ЭЖМ іскери кеңесінің миссиясы – ЭЖМ білім деңгейін әлемдік білім деңгейіне жеткізу және студенттердің еңбек нарығында талап етілетін білім мен дағдыларын қалыптастыруға үлес қосу. Іскерлік кеңестің құрамына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, жеке компаниялардың топ-менеджерлері кіреді.

ЭЖМ-нің білім беру бағдарламалары мен процестерін дүниежүзілік экономикалық өзгерістер тұрғысынан талдау қажеттілігі 2016 жылы кеңестің құрылуына себеп болды.

Кездесудің тақырыбын 2020 жылы Қазақстандағы жоғары білімнің алдында тұрған жаңа міндеттер айқындады: «Қазақстанның жоғары білімі жаһандық және жергілікті сын-қатерлер жағдайында». Іскерлік кеңестің қонақтары мен мүшелері арасында сауда және интеграция вице-министрі, Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, «СК Фармация» АҚ басқарма төрағасы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ презинденті және басқалары болды.

Іскерлік кеңес аясында экономика жоғарғы мектебінің деканы, PhD Сәуле Кемелбаева жоғары оқу орындарының Қазақстан экономикасына ықпалы жайлы зерттеуінің нәтижелері туралы айтты. Білім – болашаққа мемлекеттік және жеке деңгейдегі инвестиция. Эконометрикалық әдістерді білімге салынған инвестицияның қайтарымын және білімнің адами капиталды қалай арттыратынын есептеу үшін қолдануға болады.

Зерттеу аясында Сәуле Кемелбаева Қазақстандағы білім қайтарымы төмендеп жатқанын, нарық жоғары білімді түлектермен толып жатқанын және білім сапасының өзі нашарлап бара жатқанын анықтады. «Білім беру нәтижелерінің біртектілігі артады: дағдарыс кезінде теңсіздік өсуге бейім, қазіргі тенденциялар жақсы мен жаман білім нәтижерелері арасындағы алшақтықты күшейтеді», – осы және басқа тұжырымдарды ЭЖМ деканы ұсынды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар, ғылым және даму бойынша Вице-декан, Ляззат Хайруллина мектептің өткен жылдағы қызметі туралы атап өтті. Атамекен статистикасы бойынша 2019 жылы «Қаржы» және «Есеп және аудит» бағдарламалары қазақстандық жоғары оқу орындары ұсынған 5 үздік бағдарламаның қатарына енді. ЭЖМ түлектерінің 90% -ы 2019 жылы оқу бітіргеннен кейін 3 ай ішінде жұмыс тапты. ЭЖМ түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бойынша жұмыс істейді: бағдарламалар халықаралық сертификаттау агенттіктерімен (CIMA, ACCA, GARP, ICAEW) аккредиттелген, шетелдік серіктес университеттермен қос дипломды бағдарламалар бойынша келісім шарттар жасалған, студенттерге пәнаралық бағдарламалар мен қосымша мамандандырулар (майноры) ұсынылады.

Кездесуде экономика жоғарғы мектебін дамыту стратегиясы жарияланды: ғылыми зерттеулерді және магистратура мен докторантураны дамытуға назар аудару, «жұмсақ» дағдыларды дамыту бойынша жұмыс, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі іскерлік кеңес қатысушылардың ұсыныстары ескертілді.

Іскерлік кеңестің қонағы, ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі Олжас Тулеуов Қазақстандағы экономика бағытының түлектерінің эконометрика, мәліметтерді талдау әдістері, статистикалық білім деңгейінің жеткіліксіздігі және макроэкономистердің жетіспеушілігі туралы атап өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығы жетекшісінің орынбасары Олжас Жораев мемлекеттік саясатты қалыптастыруға evidence-based тәсіл сұранысы бар екенін, оны Қазақстанның жоғары оқу орындары, атап айтқанда, КАЗГЮУ Жоғары экономика мектебінің ғылыми зерттеушілері жүзеге асыра алатындығын атап өтті.

“QazTrade” Сауда саясатын дамыту орталығының экспортты ілгерілету жобаларының жетекшісі Айбек Сағынаев ЭЖМ талантты түлектер арасында мемлекеттік сектордағы жұмыстың беделін арттыру қажет деп атап өтті.

ACCA Қазақстан мен Орталық Азияның басшысы Алтын Шәкірханова дәстүрлі білімнің орнын басатын онлайн-форматтың тиімділігі шамадан тыс асырылғанын атап өтті. Осылайша, ACCA тәжірибесі көрсеткендей, ACCA тренерлерінен оқыған студенттер емтихандарды онлайн материалдарды пайдалана отырып өз бетінше дайындалатындарға қарағанда жақсы тапсырады.

Коронавирустық пандемия аясында Қазақстандағы және әлемдегі жоғары білімнің алдында тұрған қиындықтарға қарамастан, ЭЖМ КАЗГЮУ университетінің миссиясы ¬– көптеген шетелдік әріптестерінен кем түспейтін сапалы және қол жетімді біліммен қамтамасыз ету.

Экономика Жоғары мектебінің Іскерлік кеңес беру кеңесінің 1 отырысының шешімі

Экономика Жоғары мектебінің Іскерлік кеңесінің II отырысы

Экономика Жоғары мектебінің Іскерлік кеңесінің III отырысы

Лауазымы