М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті 2021 жылдың күзінен бастап PhD in Economics бағдарламасы бойынша оқуға гранттар тағайындауға конкурс жариялайды

Университет стипендиясы оқу ақысын, серіктес университетте екі апталық стажировканы және бүкіл оқу кезеңінде бір конференцияға қатысу ақысын қамтиды. Бағдарлама бойынша кредиттердің жалпы саны 180 ECTS құрайды. «Экономика» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасына арналған ішкі гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін CV және докторантурада оқып жүргенде жүргізгіңіз келетін зерттеудің research proposal –ын 1 шілдеге дейін келесі электронды адреске жіберуіңізді сұраймыз: l_hairullina@kazguu.kz.

Reseach proposal-ға қойылатын талаптар:

• Research proposal тек ағылшын тілінде толтырылуы керек және оған мыналар кіреді:
• Title Page
• Aims and Objectives
• Literature Review
• Methodology
• Timetable
• Bibliography
• 1000 – 3000 сөзден аспауы тиіс

Грант шарттары:

– стипендия иегері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген қабылдау талаптарына сай болуы керек (120 ECTS кем емес “магистр” дәрежесі *, 9 айдан кем емес жұмыс тәжірибесі);

– стипендия иегері докторантура бағдарламасының талаптарын сәтті орындауы керек;
– стипендиат диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін университетте кем дегенде үш жыл жұмыс істегеуі керек;

-Оқу кезінде зерттеушінің және / немесе оқытушының ақылы қызметі ұсынылуы мүмкін;
– Бағдарлама талаптары орындалмаған жағдайда, грант құнын қайтару қажет болады.

Бағдарлама туралы:

Докторлық диссертация жазу мен қорғауды қоса алғанда, оқу толығымен ағылшын тілінде өтеді.
Оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес барлық үміткерлер Ұлттық тестілеу орталығында орталықтандырылған тестілеуден өтуі керек (http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu -i-doktoranturu /).

Ішкі грантқа ие болған жағдай да, докторантураға орталықтандырылған тестілеуді сәтті аяқталғаннан кейін ғана қабылданады.

Бағдарлама бойынша көбірек ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтініз:
https://hse.kazguu.kz/ru/doktorantura/
https://hse.kazguu.kz/wp-content/uploads/2021/03/Graduate-Programmes-Handbook.pdf
https://hse.kazguu.kz/wp-content/uploads/2021/03/PhD-Thesis-Guidlines.pdf

Қабылдау бөлімінің телефон нөмірі: +7 (7172) 70-30-30
* Master in Business Administration (MBA)) кірмейді