М.C.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті CFA Institute университетінің серіктестік бағдарламасының мүшесі болды

Экономика Жоғары Мектебі М.C.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті CFA Institute университет серіктестік бағдарламасына мүше болған университеттерінің бірі болды.

Серіктестік бағдарламасына мүше болу қаржы магистратура бағдарламасының академиялық пәндерінде CFA (CBOK) емтихан тақырыптарының кемінде 70 пайызын қамтитынын және CFA институтының этика және практика кодексіне баса назар аударатынын білдіреді. Бұл бағдарлама студенттерге әлемдегі құрметті және танылған инвестициялық сертификаты Chartered Financial Analyst® мәртебесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

CFA институтының серіктестік бағдарламасына мүше болу келешек студенттерге, жұмыс берушілерге және еңбек нарығында КАЗГЮУ Университетінің оқу жоспары кәсіби практикамен тығыз байланысты екендігін әрі студенттерді CFA емтиханына дайындауға өте ыңғайлы екендігін дәлелдейді. Осы бағдарламаға мүше болу арқасында КАЗГЮУ Университеті Экономика Жоғары Мектебі студенттері жыл сайын CFA бағдарламасы бойынша біршама стипендияға ие болуға құқылы.

Қаржы магистратура бағдарламасы – бұл сандық әдістерді терең зерттеу мен практикалық іскерлік мәселелерді шешудің үйлесуі. Бағдарлама талдамалық талаптарды және инновациялық қиындықтарды жеңе білуді қажет ететін қаржылық қызметтердің кең спектріне дайындалады.

Оқу бағдарламасы қазіргі практикамен ұштастыра құрылымды академиялық мазмұнды қамтамасыз етеді және осы саладағы қажетті мамандарды дайындайды.

Қаржы магистратура бағдарламасы CFA Institute университетінің серіктестік бағдарламасының мүшесі болған және GARP Қазақстандағы академиялық серіктес ретінде танылған жалғыз академиялық бағдарлама болып табылады.

Экономика жоғары мектебінің деканы, PhD Сауле Кемелбаева:

«Біздің қаржы ғылымдарының магистрі бағдарламасы CFA Institute® University Affiliation бағдарламасының бөлігі ретінде танылғанын мақтан тұтамыз. Осы уақытқа дейін біз CFA Institute University Affiliation Program (UAP) шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша үлестес университет ретінде танылған алғашқы әрі жалғыз университет болғанбыз, қазір біз Орталық Азияда магистратура мен бакалавриат дәрежелері үлестес танылған жалғыз университет болып табыламыз. Біздің университет қазірде CFA Institute® веб-сайтында әлемдегі ең үздік университеттер қатарына еніп, бағдарламаның халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етті. Қаржы нарықтары мен делдалдары – бұл Қазақстан мен аймақтағы қарқын дамушы және болашағы зор сала, сондықтан біздің қаржы бағдарламаларымыздың болашақ түлектері жергілікті еңбек нарығында сұранысқа және табысты мансапқа ие болады деп ойлаймыз. Әлемдегі ең беделді кәсіби сертификаттардың бірі оларды халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді, сонымен қатар олжалы студенттердің CFA емтиханын өту үшін стипендия алуына мүмкіндіктері бар».

CFA институты туралы

CFA институты – бұл кәсіби шеберлікті белгілейтін және CFA мәртебесін қолдайтын инвестиция саласындағы мамандардың әлемдік қауымдастығы. Ұйым инвестиция нарығында этикалық мінез-құлық қағидаттарын белсенді түрде қолдайды және әлемдік қаржы қоғамдастығынын білім көзі болып табылады. Оның түпкі мақсаты – инвесторлардың мүдделері жоғары болатын, нарықтар жақсы жұмыс істейтін және экономика өсетін орта құру. CFA институтының 166 елде 176 000-нан астам мүшесі бар, оның ішінде 164 000 CFA мәртебесін ұстаушылары. Қосымша ақпарат алу үшін www.cfainstitute.org сайтына кіріңіз.

CFA бағдарламасы туралы

CFA бағдарламасы бүкіл әлем бойынша қаржы талдаушылардың, портфолио менеджерлерінің, инвестиция кенесшілердің және басқа да инвестиция мамандарының дағдылары, қабілеттілігі мен адалдығын дамытуға арналған стандартты белгілейді. Бұл инвестиция кәсібіндегі ең қатаң аттестация бағдарламасы болып табылады. CFA оқу бағдарламасы мен емтихандары бүкіл әлемде ағылшын тілінде өткізіледі. Кем дегенде бес кандидаттың біреуі бағдарламаны сәтті аяқтап, инвестиция саласының мамандары үшін «алтын стандарт» болып табылатын CFA мәртебесіне ие болады.