Салыстырмалы регионализм бойынша жазғы мектеп

20 маусым, Назым Умирзакова

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі Universitas Airlangga жоғары мектебімен (Unair, Индонезия) және Біріккен Ұлттар Ұйымы университетімен – Өңірлік интеграцияны салыстырмалы зерттеулер институтымен (UNU-CRIS, Бельгия ) серіктестікте салыстырмалы регионализм бойынша жазғы мектепті ұйымдастыруға және өткізуге қатысты.

АҚШ, Қазақстан, Латвия, Непал, Мексика, Шотландия, Тәжікстан, Ұлыбритания және Индонезия сияқты әлемнің 23 елінен келген 59 студент жазғы мектепке қатыса алды.

5 күнге созылған оқу үрдісінде қатысушылар Аймақтану және халықаралық қатынастар саласындағы білімдерін кеңейтіп, Индонезия мәдениетімен танысып, шетел студенттерімен бірлескен топтық жұмыс тәжірибесін алды.
Жазғы мектеп дәрістер курсынан, қосымша материалдарды зерделеуден және тәлімгерлердің жетекшілігімен өздігінен білім алудан тұрды.

Экономика жоғары мектебінің деканы, доктор Сауле Кемельбаева және Экономика жоғары мектебінің Associate Professor, доктор Икболжон Корабоев жазғы мектепті ұйымдастыру кезінде атқарылған жұмыстарға құрмет білдіріп, сөз сөйледі және жаңа білім іздеп жүрген студенттерді қарсы алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар сапалы және танымдық дәрістер өткізуге, студенттер арасында сындарлы қарым-қатынас орнатуға және олардың белсенді қатысуына барлық жағдай жасады. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропалық кеңестің Африка бағдарламасы (ECFR), Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі, Ұлыбританиядағы Сент-Эндрю университеті, КАЗГЮУ Университеті, Бельгияның Гент университеті, сондай-ақ UNAIR-дің үздік оқытушылары студенттерді озық зерттеулермен таныстырды.

Дереккөз материалдары бойынша: https://pasca.unair.ac.id/en/59-participants-from-23-countries-join-the-online-summer-school-at-the-postgraduate-school-of-unair/