Қос диплом бағдарламасы

Назым Умирзакова

Қазіргі таңда білім мен уақыттан артық құнды ресурс жоқ. Экономика жоғары мектебінің студенттеріне Excelia Group, SolBridge International Business School, Hof University of Applied Sciences, Heriot-Watt University және Oxford Brookes University секілді жоғары оқу орындарында КАЗГЮУ-дің серіктес университеттері арқасында уақытты тиімді өткізуге және төрт жылдық оқу аясында қос диплом алуға мүмкіндік беріледі. Қос дипломды бағдарламаның артықшылықтары қандай?

Біріншіден, бұл ақшаны ғана емес, уақытты да үнемдейді. Сіз төрт жылда екі дәреже ала аласыз, ал егер сізге екі бакалавриат бағдарламасын бөлек оқығыңыз келсе, сізге аяқтауға сегіз жыл қажет болар еді.
Екіншіден, қос дипломдық бағдарламаның аяқталуы сізді еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кандидат етеді және тезірек жұмыс табуға мүмкіндік береді, себебі екі салада теориялық білімі бар және білімін сыни жағдайларда қолдана алатын адам әлдеқайда тартымды.. Үшіншіден, бұл саналы жаста шетелде білім алуға мүмкіндік, себебі көбінесе талапкерлердің ата -аналары мектепте оқуды аяқтағаннан кейін дербестіктен қорқу себебінен шетелге көшуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, шетелдік жоғары оқу орнына түсуді армандайтын оқушылар, мектепті тәмамдағаннан кейін бірден шетелге оқуға түсе алмайды, сондықтан қос дипломдық бағдарлама студенттерге өз мақсатына жетуге тамаша мүмкіндік болып табылады.

HSE студенті қос дипломдық бағдарламаға түсу үшін белгілі бір критерийден өту керек: KAZGUU-да белгілі бір кредит санын жинау, ағылшын тіл білім деңгейі B2-ден кем емес, GPA 3.0-ден кем емес болу қажет.
Жоғары оқу орнын таңдаған кезде мамандығыңызға назар аударыңыздар, себебі әр түрлі университеттер белгілі бір факультеттерге оқуға гранттар ұсынады. Мысалы, Heriot Watt тек бухгалтерлік есеп пен аудит бағдарламаларына грант ұсынады, ал Hof барлық мамандықтар бойынша қос диплом ұсынады.

Heriot Watt – Ұлыбританиядағы 8 ірі университеттің бірі, Дубай, Малайзия және Шотландияның барлық кампустарында білім алу мүмкіндігін ұсынады.

Excelia Group – Франциядағы AACSB және EPAS аккредиттелген университеті, ол әлемдегі ең жақсы бизнес мектептерінің бірі деп танылады. Бұл университетте екі дәрежелі бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін, студенттер магистратура дәрежесін 10 пайыздық жеңілдікпен жалғастыра алады.

SolBridge Business School – AACSB аккредиттелген ең жас бизнес мектебі. Бас директордың тәлімгерлік бағдарламасы университетпен студенттерді байланыстыру және көшбасшы ретінде бірге жұмыс істеуді жалғастыру үшін жасалған. Диплом Оңтүстік -Шығыс Азияның еңбек нарығына жол ашады.

Hof University of Applied Sciences – бұл Германиядағы университет, ол практикалық білімді қаржы мен менеджмент саласында тиімді қолдануға бағытталған. Тек күнкөріс ақысы мен тамаққа ақы төлеп, тегін оқуға мүмкіндік бар.

Oxford Brookes University – Ұлыбританияның жетекші заманауи университеті. Оқуға түсу үшін үміткерлер ACCA емтиханын тапсырып, Oxford Brookes -те екі модульді аяқтап, тезис жазуы керек.

Қос дипломды бағдарламалар туралы қосымша ақпарат алу үшін ЭЖМ эдвайзерлер кеңсесіне хабарласыңыз (235 офис, +7 (7172) 70 30 56)