KAfYK4EuRKwТаныс болыңыздар – Ботагөз  Канашева, КАЗГЮУ Университеті Экономика жоғары мектебінің 3-курс студенті, мамандығы – «Қаржы».

Менің есімім – Ботагөз. Мен әлемнің ең керемет қалаларының бірі – Алматы қаласында дүниеге келдім, бірақ жеті жылдан бері Астанада тұрамын. № 3 мектеп-гимназияны бітірдім. Алғаш рет КАЗГЮУ Университеті жайлы мен университеттер көрмесінде естідім және КАЗГЮУ сол көрмеде өзіме ұнаған жалғыз оқу орны болды. Мектепте оқып жүрген кезімде КАЗГЮУ маған жарқын болашаққа есік ашатын университет болатынына сенімді едім. Ал қазір күн сайын қателеспегеніме қуанамын.

17 қарашада «Студенттерге арнау және КАЗГЮУ Фемидасын таңдау» атты ауқымды шара өтті. Мен осы байқауға Экономика жоғары мектебінің Фемидасы ретінде қатысқаныма қуаныштымын. Екі ай бойы дайындалу барысында қыздар мен жігіттеріміздің қаншалықты ұйымшыл, тату және позитивтік екендеріне көз жеткіздім. Барлығы да бірін-бірі қолдап, қанша шаршаса да, дайындала берді. Бір команда – Экономика жоғары мектебі. Басынан бастап жеңіске ұмтылғаннан болар, ақыры жеңіске қол жеткіздік. Бұл бір үлкен жанұя болғанымыздың арқасында деп білем.