Құрметті қонақ!

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Халықаралық экономика мектебіне қош келдіңіз!

Соңғы жылдары академиялық сапаның жоғары деңгейін және біз ұсынатын білімнің халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету үшін орасан зор күш жұмсадық.

Біздің бағдарламалар CFA Institute, ACCA, CIMA, ICAEW, GARP, HRCI секілді беделді кәсіби қауымдастықтармен аккредиттелген және еуропалық жоғары білім беру саласындағы сапа кепілдігі мен даму мәселелеріне жауап беретін, еуропа стандарттарына бағытталған, EQAR тіркелген және ENQA мүшесі болып табылатын беделді FIBAA агенттігі, жетекші халықаралық және жергілікті жұмыс берушілермен, академиялық қауымдастықтармен мойындалған. 2021 жылы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсеткіші бойынша біздің алты бакалавриат бағдарламаларымыздың үшеуі (қаржы, есеп және экономика) мемлекет деңгейінде бірінші орынға ие болды, ал менеджмент бакалавр бағдарламасы ұлттық рейтингте алғашқы 5-тікке кірді. Студенттердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттіліктерін халықаралық деңгейде қамтамасыз ету үшін негізгі оқу тілі 2017 жылдан бастап толығымен ағылшын тіліне ауысты.

Біздің түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші өте жоғары және олардың көпшілігі оқу бітіргеннен кейін бір ай ішінде жұмысқа орналасады. Сондай-ақ олардың бәсекеге қабілетті жалақысы және мансаптық келешегі жақсы. Біз Big4 және басқа да жетекші консалтингтік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарында, Nestle, P&G, KEGOC, BI Group, Қазақстан Темір Жолы, Самұрық Қазына, Самұрық Энерго, Хилтон, Раддисон, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, министрліктер, ұлттық даму институттары сияқты серпінді және тартымды компанияларда жұмыс істейтін немесе өз бизнестерінің негізін салып, табысты жүзеге асырушы ХЭМ түлектер желісі туралы мақтана айтамыз.

Біздің түлектеріміздің қанағаттанушылық деңгейі өте жоғары және Universum студенттердің сауалнамасы бойынша студенттер ХЭМ артықшылықтары ретінде «жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейі, халықаралық фокус, шығармашылық және серпінді атмосфера және жоғары кәсіби оқытушылар құрамын» атап өтті.

Біздің факультетте жетекші мамандар мен зерттеушілер жұмыс істейді. Біздің оқытушылардың барлығы дерлік жетекші халықаралық университеттердің, Назарбаев Университеті немесе КИМЭП университеттердің түлектері, «Болашақ» стипендиясының иегерлері, олардың төрттен бірі ACCA, CFA, FRM, CIPD және HRCI беделді кәсіби сертификаттарға ие. Мектептің әлем бойынша серіктес университеттермен қос дипломдық және академиялық ұтқырлық бағдарламалары әр семестрде 50-ге жуық студенттеріміздің шетелде білім алуына мүмкіндік береді. Негізгі мамандықпен қатар, біз студенттерге қосымша білім беру бағдарламасын (майнор) ұсынамыз және бұл мүмкіндік олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратындығына куә болдық.

Қазіргі таңда жоғары білім алдында үлкен міндеттер тұрған сәтте серпінді академиялық қауымдастық және КАЗГЮУ ХЭМ белсенді командасының көшбасшысы болу мен үшін үлкен құрмет. Біз бірге білім шекарасын ұлғайтып, заман талаптарын сай КАЗГЮУ Халықаралық экономика мектебінің құндылықтарын сақтайтынымызға күмәнім жоқ.

Қызығушылығыңызға рақмет және бізге қош келдіңіз!

Байланыс:

Оф. 503Б
+7 (7172) 70 28 35
s_kemelbayeva@kazguu.kz