Студенттер мен түлектерге арналған бос жұмыс орындары

Құрметті студенттер мен түлектер!

Барлық қол жетімді бос жұмыс орындарын келесі құжаттан табуға болады. Құжатта жұмыс іздеудің қол жетімді құралдары көрсетілген.

Атауы Сипаттама Сілтеме
1. Samruk Qyzmet Сайттан сіз ұлттық компаниялар мен жеке ұйымдардағы бос жұмыс орындарын таба аласыз. Сонымен қатар, сайтта мансап туралы блог бар, онда сіз табысты мансап құруға арналған кеңестер таба аласыз. https://qsamruk.kz/
2. Qyzmet.kz Сайтта бос жұмыс орындарын жариялайтын 500-ге жуық ұлттық және халықаралық FMCG компаниялары бар https://qyzmet.kz/companies/all?page=4
3. Электронды еңбек биржасы Өтініш беруші enbek.kz порталына тіркелгеннен кейін, компаниялар арасында ең қолайлы ұсыныстарды таңдау үшін бос жұмыс орындар базасында кеңейтілген іздеу мүмкіндігі болады. https://www.enbek.kz/docs/ru/faq
4. HeadHunter Ресейде, Беларуссияда, Қазақстанда және Украинада бизнесті дамытатын ең ірі ресейлік интернет-рекрутингтік компания. https://hh.kz/
5. Glassdoor На этом сайте Вы сможете найти работу за пределами Казахстана в различных международных компаниях, а также вы сможете найти отзывы от сотрудников компаний и просматривать заработную плату https://www.glassdoor.com/member/home/index.htm
6. Jooble Іздеу Қазақстанның барлық жұмыспен қамту порталдары арасында жүргізіледі. https://kz.jooble.org/
7. HiPO.kz Кәсіби мамандарға Қазақстанның және ТМД-ның үздік компанияларындағы мансаптық мүмкіндіктерді қадағалауға мүмкіндік беретін сервис. Сайтта өз қызметкерлеріне кәсіби даму мен мансаптық мүмкіндіктер ұсынуға дайын үздік жұмыс берушілерді таба аласыз. https://hipo.kz/about/
8. HIREBEE Мансаптық өсу мен басқарудағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ететін жасанды интеллект алгоритмі бойынша жүзеге асырылған қазіргі заманғы күрделі HR платформасы. https://hirebee.kz/ru
9. YoungCareer Telegram каналы: жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары Қазақстанда және шетелде бастаушы мамандарға арналған бос жұмыс орындары (0-3 жылдық тәжірибе) күн сайын жарияланады. Тәжірибе, күндізгі, сырттай, қашықтықтан жұмыс және еріктілер жұмысы. https://t.me/youngcareer
10. Бос жұмыс орындар Telegram каналы Қазақстанның компанияларындағы бос жұмыс орындары жарияланады. https://t.me/togetjob
11. CZN ASTANA Instagram парақшасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы @czn_astana

Сондай-ақ, біздің Telegram каналда (@careercenter_hse_bot) барлық бос жұмыс орындары мен алдағы іс-шаралар жарияланады.