Тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту орталығы


Тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту орталығы студенттерді, түлектерді және жас мамандарды тиімді жұмыспен қамтуға ықпал ететін ақпараттық орта болып табылады. Оның шеңберінде олар жұмыс табудың тиімді әдістері, жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу, еңбек қатынастары және мансап мәселелері, түйіндеме құру, ілеспе хаттар мен сұхбаттасу бойынша кеңестер алады.

Экономика жоғары мектебінің тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту орталығы жоғары академиялық деңгейге ие және сыни тұрғыдан ойлай алатын мамандар дайындау мақсатында студенттердің кәсіби дамуына, жұмыс берушілермен, басқа да мүдделі тараптармен тиімді ынтымақтастығына ықпал етеді.

Негізгі мақсаттары:

  • Студенттер мен түлектерге жұмысқа орналасуға және мансаптық өсуге көмектесу;
  • Оқу және диплом алдындағы тәжірибені өткізуге көмек;
  • Ғылымның әлеуетін іскери ортада пайдалану мақсатында білім беруді іскерлік ортамен интеграциялау (Іскерлік кеңес);
  • Еңбек нарығындағы сұраныс құрылымын болжау;
  • Студенттерге түйіндеме, ілеспе хат жазуға, сұхбаттасуға дайындалуға көмектесу.

Міндеттері:

  • ЭЖМ студенттері мен түлектерді жұмысқа орналастыру, өндірістік тәжірибе, тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін кеңейту үшін отандық және шетелдік компаниялармен жұмысты ұйымдастыру;
  • Өзара тиімді шарттарда ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық туралы келісімдер (меморандумдар) жасау;
  • «A Step to Graduate» бағдарламасын ұйымдастыру;
  • Студенттердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесулерін ұйымдастыру;
  • Түлектер мониторингін жүргізу және ЭЖМ түлектер клубының жиындарын ұйымдастыру.