Студенттерді курстан курсқа ауыстыру ережесі

ЭЖМ студенттері екінші курсқа ауысуы үшін:

– 30 сәуірге дейін аналитикалық (соның ішінде сапалық)  дағдылар деңгейін анықтайтын тест тапсыру керек, нәтижесі максималды сандық балл көрсеткіші 50%  төмен болмауы тиіс, ЖЭМ – Экономика, Қаржы, Есеп және Аудит, Менеджмент, Туризм, Психология  мамандықтары бойынша  оқуды сәтті жалғастыру үшін академиялық бағдарлама бойынша және ағылшын тілі бойынша Intermediate  деңгейі нәтижелері төмендегідей болу қажет;

– бірінші курсты аяқтау нәтижесі бойынша GPA көрсеткіші 2.0 төмен болмауы тиіс;

– бірінші курсты аяқтау нәтижесі бойынша 60 ECTS/ 36 кредит санын жинау керек.

Ескерту: Егер студент бірінші  курсты аяқтау барысында 50 ECTS/ 30 кредит жинаса, ағымдағы оқу жылының жазғы семестр уақытында қосымша 10 ECTS/ 6 кредит жинауға құқы бар.

5В020700 «Аударма ісі» мамандығы

Экономика жоғары мектебінің 5В020700 Аударма ісі мамандығы бойынша білім алушылардың екінші курсқа ауысуына арналған талаптар №2-кестеде көрсетілген

 Кесте №2. Экономика жоғары мектебінің 5В020700 Аударма ісі мамандығы бойынша білім алушылардың екінші курсқа ауысуына арналған талаптар

№ р/с Мамандық ECTS

орта

GPA

Орта деңгейі

Сұхбат нәтижесі Шетелдік B1базасының сараптама нәтижесі Ағылшын тілі деңгейі
1. 5В020700 Аударма ісі 60 2.0 50 75 Intermediate II

Тек осы талаптарды ұстанған жағдайда студент екінші курсқа ауыстырылуы мүмкін.

Егер студенттің оқу үлгерімі осы талаптарға сәйкес келмесе, онда ол:

– 2 семестр ішінде пәндерді қайта үйрену арқылы GPA талап етілетін ең төменгі деңгейге дейін арттыру, әйтпесе студентке демалыс кезеңде кез келген басқа оқу орнына ауысу ұсынылады;

– университетте оқу кезінде бір пәнді 3 реттен астам емес қайта оқуға болады, әйтпесе студентке бір элективті пәнді басқамен ауыстыру, басқа Жоғары Экономика Мектебінің, КАЗГЮУ Университетінің басқа мамандығына немесе демалыс кезеңде кез келген басқа оқу орнына ауысу ұсынылады;

-ЭЖМ Дайындық курстарындағы қосымша ағылшын тілі  сабақтарына қатыса;

– КАЗГЮУ Университеті Экономика жоғары мектебінің басқа мамандығына немесе кез келген басқа білім беру мекемесіне  демалыс кезеңінде ауыса алады.

5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша егер студенттің GPA 2,0 баллдан кем болса, онда келесі академиялық кезеңде ол академиялық берешекті қосқанда тек 18 кредитке тіркеле алады.

 5В050600 Экономика, 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050700 «Менеджмент», 5В090200 «Туризм», 5В050300 «Психология»,   5В020700 «Аударма ісі» мамандықтары бойынша студенттерді үшінші курсқа ауыстыру ережесі.

 ЭЖМ студенттері үшінші курсқа ауысуы  үшін:

– 30 сәуірге дейін  ағылшын тілі бойынша кешенді емтихан тапсырады нәтижесі Intermediate II деңгейінен төмен болмауы тиіс;

– 5В020700 «Аударма ісі» мамандықтары үшін 121 ECTS/ 72 кредит жинау;

– 5В050600 Экономика, 5В050700 «Менеджмент», 5В050900 «Қаржы», 5В090200 «Туризм», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050300 «Психология» мамандығы негізінде екінші курс қорытындысы бойынша 124 ECTS/ 74 кредит жинау қажет;

– бірінші курсты аяқтау нәтижесі бойынша GPA көрсеткіші 2.0 төмен болмауы тиіс.

 Экономика жоғары мектебінің 5В020700 Аударма ісі мамандығының бакалавр дәрежесі бойынша білім алушыларға оқуды ары қарай жалғастыруға қойылатын талаптар № 3-кестеде көрсетілген.

 Кесте №3. Экономика жоғары мектебінің 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алушылардың үшінші курсқа ауысуына арналған талаптар

№ р/с Мамандық ECTS GPA

орта деңгейі

Шетелдік B2 базасының сараптама нәтижесі Ағылшын тілі

деңгейі

1 5В020700 Аударма ісі 121 2.0 75 Upper-Intermediate

Егер студенттің оқу үлгерімі осы талаптарға сәйкес келмесе, онда ол:

– 2 семестр ішінде пәндерді қайта үйрену арқылы GPA талап етілетін ең төменгі деңгейге дейін арттыру, әйтпесе студентке демалыс кезеңде кез келген басқа оқу орнына ауысу ұсынылады;

– университетте оқу кезінде бір пәнді 3 реттен астам емес қайта оқуға болады, әйтпесе студентке бір элективті пәнді басқамен ауыстыру, басқа Жоғары Экономика Мектебінің, КАЗГЮУ Университетінің басқа мамандығына немесе демалыс кезеңде кез келген басқа оқу орнына ауысу ұсынылады;

– ЭЖМ дайындық курстарында  қосымша ағылшын тілі   сабақтарына қатыса алады;

5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша егер студенттің GPA 2,0 баллдан кем болса, онда келесі академиялық кезеңде ол академиялық берешекті қосқанда тек 18 кредитке тіркеле алады.

5В050600 Экономика, 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050700 «Менеджмент», 5В090200 «Туризм», 5В050300 «Психология»,  5В020700 «Аударма ісі» мамандықтары бойынша студенттерді  төртінші курсқа ауыстыру ережесі.

 ЭЖМ студенттері төртінші курсқа ауысуы  үшін:

– 30 сәуіріне дейін ағылшын тілі бойынша Upper-Intermediate I деңгейінен төмен емес нәтижелері негізінде кешенді емтихан тапсырады;

– 5В050600 Экономика, 5В050700 «Менеджмент», 5В050900 «Қаржы», 5В090200 «Туризм», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050300 «Психология», 5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша 184 ECTS/ 110кредит жинау қажет;

– екінші курсты аяқтау нәтижесі бойынша GPA көрсеткіші 2.0 төмен болмауы тиіс.

 Экономика жоғары мектебінің 5В020700 Аударма ісі мамандығының бакалавр дәрежесі бойынша білім алушыларға оқуды ары қарай жалғастыруға қойылатын талаптар № 4-кестеде көрсетілген.

Кесте №4. Экономика жоғары мектебінің 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алушылардың төртінші курсқа ауысуына арналған талаптар

№ р/с Мамандық ECTS

орта

GPA

Орта деңгейі

Ағылшын тілінде емтихан нәтижесі Ағылшын тілі деңгейі
1. 5В020700

Аударма ісі

184 2.0 75 Low Proficient

Тек осы талаптар сақталған жағдайда ғанастудент төртінші курсқа ауыстырылуымүмкін.

Егер студенттің оқу үлгерімі осы талаптарға сәйкес келмесе, онда ол:

– 2 семестр ішінде пәндерді қайта үйрену арқылы GPA талап етілетін ең төменгі деңгейге дейін арттыру, әйтпесе студентке демалыс кезеңде кез келген басқа оқу орнына ауысу ұсынылады;

– университетте оқу кезінде бір пәнді 3 реттен астам емес қайта оқуға болады, әйтпесе студентке бір элективті пәнді басқамен ауыстыру, басқа Жоғары Экономика Мектебінің, КАЗГЮУ Университетінің басқа мамандығына немесе демалыс кезеңде кез келген басқа оқу орнына ауысу ұсынылады;

– ЭЖМ Дайындық курстарындағы  қосымша ағылшын тілі   сабақтарына қатыса алады.

5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша егер студенттің GPA 2,0 баллдан кем болса, онда келесі академиялық кезеңде ол академиялық берешекті қосқанда тек 18 кредитке тіркеле алады.

Экономика жоғары мектебінің  бағдарламалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін  студенттерге қойылатын талаптар

 Экономика жоғары мектебінің студенттері бакалавр бағдарламасы бойынша  диплом алу үшін:

– 30 сәуіріне дейін ағылшын тілі бойынша Upper-IntermediateI деңгейінен төмен емес нәтижелері негізінде кешенді емтихан тапсырады;

– оқу қорытындысының соңында 240 ECTS жинауы;

– практиканың барлық түрлерін өтуі тиіс;

– 2.0 кем емес жалпы GPA деңгейін жинауы тиіс.

– «Бизнес этика», «Ұйымдастырушылық мінез-құлық» және «Бизнес коммуникация» пәндерін толық оқуы;

– 5B050300 «Психология» мамандығына студенттеріне кем дегенде 32 сағат психологиялық дайындықтан өткендігі туралы сертификатыболуы керек;

– кешенді мемлекеттік емтиханды тапсыруы;

– 5В050700 Менеджмент, 5В090200 Туризм, 5В050600 Экономика мамандықтарының студенттері аяқтау (дипломдық) жұмысы (жобасы) бойынша арнайы құрылған комиссия  алдында қорғаудан өтеді.

Экономика жоғары мектебінің 5В020700 Аударма ісі мамандығының бакалавр дәрежесі бойынша бағдарламаны бітіргені туралы диплом алу үшін бакалвар бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар № 5-кестеде көрсетілген

Кесте№5. Экономика жоғары мектебінің 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша бітіруші түлектерге арналған талаптар

 

№ п/п Мамандық ECTS

орта

GPA

Орта деңгейі

Ағылшын тілінде емтихан нәтижесі Ағылшын тілі деңгейі
1. 5В020700

Аударма ісі

240 2.0 90-100 Proficient

Тек осы талаптардыұстанғанжағдайда студент Экономика жоғары мектебін “бакалавр” бағдарламасы бойынша бітіргенітуралы диплом алады.

Қайта аттестаттау

Оқытушы курс бойынша бағаны қойғаннан кейін, қайта аттестаттау тек Жоғары Экономика мектебінің директоры рұқсатымен ғана жүргізіледі.

Өзгертілген бағалар бакалавриат бағдарламасының жетекшісіне беріліп, Platonus жүйесіне қойылуы қажет.

Экономика Жоғары Мектебіне 2013, 2014 жылы түскен студенттер үшін бір курстан екінші курсқа ауысуы үшін ұсынымдық сипаттағы ережесін сақтау ұсынылады.

Академиялық адалдық саясатының нұсқаулықтары КАЗГЮУ Университетінің «Академиялық саясаты» мен «Тәртіп Кодексінде» көрсетілген.