Экономика ғылымдарының докторы бағдарламасы болашақ кәсіби зерттеушілерді қалыптастыру үшін терең теориялық білім мен практикалық зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарлама академиялық әрі ғылыми мансап үшін экономика саласындағы эмпирикалық зерттеулерге бағытталған.
Бағдарлама түлектері ғылыми ортада, халықаралық және жергілікті ғылыми мекемелерде, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істей алады.
Оқу тілі: Ағылшын
Оқытушылар: Халықаралық жетекші университеттердің ғылым докторлары, халықаралық және ұлттық ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары
• Экономика және онымен байланысты салаларда тәуелсіз зерттеулер жүргізу үшін зерттеу және ғылыми жобаларды басқару дағдыларын қолдану;
• Зерттеу этикасы мен адалдығының жоғары стандарттарын ұстану;
• Жаңа білімді қалыптастыру және зерттеудің тиісті саласына ғылыми үлес қосу;
• Ғылымның негізгі қағидаларын және әр түрлі эпистемологиялық тәсілдерді қолдану, ұғымдарды философиялық және теориялық негіздер тұрғысынан талдау;
• Экономикадағы әр түрлі теорияларды, олардың эволюциясы мен экономикалық теория мен саясаттағы парадигманың өзгеруін түсіне және сыни тұрғыдан бағалай білу;
• Экономикада қолданылатын аналитикалық аппарат туралы жүйелі түсінікті көрсету және оны жоғары деңгейде қолдана білу;
• Экономикада қолданылатын аналитикалық аппарат туралы жүйелі түсінікті көрсету және оны жоғары деңгейде қолдана білу;
• Экономиканың негізгі түсініктерін және олардың микро және макро деңгейдерінде қолданылуын бағалай және талдай білу;
• Эконометрикалық талдау әдістерін қолдану және мәліметтерді өңдеу мен модельдеу, есептеулер мен нәтижелерді кәсіби деңгейде түсіндіру дағдыларына ие болу;
• Зерттеудің әр түрлі сапалық әдістерін білу және экономикаға сәйкес әдістерді қолдана білу;
• Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар жазу процесін білу және түсіну;
• Ағылшын тілінің жоғары деңгейін, жазу, сөйлеу және презентация дағдыларын көрсету.
Код | Курс атауы | ECTS | Required/Elective |
PHL7201 | An Introduction to the Philosophy of Social Sciences | 5 | R |
ECN7201 | Academic Writing | 5 | R |
ECN7202 | Research Methods: Applied Econometrics | 5 | R |
ECN7304 | Qualitative Methods in Research | 5 | R |
ECN7305 | Quantitative Methods in Research | 5 | E |
ECN7208 | Optimization Theory in Economic Analysis | 5 | E |
ECN7313 | Labour Economics | 5 | E |
Кемельбаева Сауле
• Ньюкасл университеті, Ұлыбритания, Экономика ғылымдарының докторы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
• Зерттеу салалары: қолданбалы микроэкономика, себеп-салдарлық байланыс, білім беру саласындағы экономикасы, еңбек саласындағы экономика.
Корабоев Икболджон
• Тулуза университеті, Франция, халықаралық жария құқық ғылымы докторы
• Зерттеу салалары: салыстырмалы регионализм, халықаралық құқық және халықаралық ұйымдар.
Каскирбаева Далия
Білімі: Лидс университетінің (Ұлыбритания) экономика бойынша Ph.D
Курстар: Applied Econometrics, Advanced Topics in Economics
Мынбаева Эльмира
Білімі: Қаржы ғылымдарының PhD (Абердин университеті, Ұлыбритания), CFA кандидаты
Курстар: Financial Risk Management, Econometrics, Financial Econometrics I, II
Рахимов Арман
Білімі: Психология саласы бойынша PhD (Уорвик университеті, Ұлыбритания),
Курстар: Research Methods
Таймагамбет Даулет
• Кроуфорд мемлекеттік саясат мектебі, Австралия ұлттық университеті, Австралия, PhD (2014 ж. – қазіргі уақытқа дейін)
• Зерттеу салалары: Халықаралық экономика, эконометрика, зерттеу әдістері
Бахытжан Курманов
PhD, Assistant Professor
Білімі: Мемлекеттік саясат бойынша PhD, Назарбаев Университеті, 2021; Мемлекеттік саясат магистрі, Австралия ұлттық университеті, 2013; BA, Йорк Университеті
Курстар: Research Methods
Email:b_kurmanov@kazguu.kz
Азат Айтуар
Assistant Professor, PhD
Білімі: Бизнес және экономика саласы бойынша PhD, Рединг университеті
Курстар: Microeconomics, International Economics
Email:A.Aituar@kazguu.kz
Рустам Бекишев
Senior Lecturer
Білімі: Математика бакалавры, Назарбаев Университеті, Статистикалық талдау магистрі, KAUST, KSA
Курстар: Econometrics, Optimization Theory in Economic Analysis
Email:R_Bekishev@kazguu.kz