Қытай үкіметі ЭЖМ студенттеріне Харбиннің Технологиялық Университетінің (Қытай) магистратурасы мен докторантурасында

Қытай үкіметі ЭЖМ студенттеріне Харбиннің Технологиялық Университетінің (Қытай) магистратурасы мен докторантурасында

оқуға 2 грант бөлді

Құрметті ЭЖМ студенттері мен оқытушылары!

Сіздер мынадай мамандықтар бойынша магистратура мен докторантурада оқуға өтінім бере аласыздар:

  • Қолданбалы Экономика;
  • Іскерлік әкімшілендіру;
  • Мемлекеттік басқару;
  • Қолданбалы психология.

Грант мынадай шығындарды өтейді:

  • тіркелу, оқу, кампус аумағында тұру үшін ақыны;
  • жыл сайын толық медициналық сақтандыру үшін 800 юань (шамамен 40000 теңге);
  • ай сайынғы шәкіртақы: магистранттарға – 3000 юань (шамамен 150 000 теңге) және докторанттарға – 3500 юань (шамамен 175 000 теңге).

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • жоғары GPA
  • ғылыми-зерттеушілік тәжірибе
  • кандидат басқа шәкіртақыларға өтінімдерді бермеуге тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімдері :

2016 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2017 жылғы 20 қаңтарға дейін

Толық ақпарат:

Ботагоз Жанбекова

ЭЖМ Ынтымақтастық және рекрутинг орталығы,  206-кабинет

b_zhanbekova@kazguu.kz

+7 7172 70 28 49

+7 702 913 03 76