Қытай үкіметі ЭЖМ студенттеріне Харбиннің Технологиялық Университетінің (Қытай) магистратурасы мен докторантурасында
оқуға 2 грант бөлді
Құрметті ЭЖМ студенттері мен оқытушылары!
Сіздер мынадай мамандықтар бойынша магистратура мен докторантурада оқуға өтінім бере аласыздар:
- Қолданбалы Экономика;
- Іскерлік әкімшілендіру;
- Мемлекеттік басқару;
- Қолданбалы психология.
Грант мынадай шығындарды өтейді:
- тіркелу, оқу, кампус аумағында тұру үшін ақыны;
- жыл сайын толық медициналық сақтандыру үшін 800 юань (шамамен 40000 теңге);
- ай сайынғы шәкіртақы: магистранттарға – 3000 юань (шамамен 150 000 теңге) және докторанттарға – 3500 юань (шамамен 175 000 теңге).
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жоғары GPA
- ғылыми-зерттеушілік тәжірибе
- кандидат басқа шәкіртақыларға өтінімдерді бермеуге тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімдері :
2016 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2017 жылғы 20 қаңтарға дейін
Толық ақпарат:
Ботагоз Жанбекова
ЭЖМ Ынтымақтастық және рекрутинг орталығы, 206-кабинет
+7 7172 70 28 49
+7 702 913 03 76