CFA серіктестік бағдарламасының мүшесі және GARP академиялық серіктесі болып табылатын Қазақстандағы жалғыз бағдарлама.
Серіктестік бағдарламасының мүшесі болу бағдарламаның өзінің академиялық пәндеріндегі CFA емтихан тақырыптарының (CBOK) жинақталған тізімінің кем дегенде 70 пайызын қамтитындығын және CFA Институтының этика кодексі мен практика стандарттарын ерекше ұстанатындығын білдіреді.
Chartered Financial Analyst® – әлемдегі ең құрметті және танымал инвестициялық сертификаттардың бірі.
Сертификатталған GARP FRM бағдарламасының мазмұны да магистратураның құрылымына енген.
Financial Risk Manager (FRM®) – барлық ірі нарықтарда танылған жетекші тәуекелдерді басқару сертификаты. Оны әлемнің барлық дерлік ірі банктері мен фирмалары үнемі іздейді және тек тәуекелдерді басқару саласында бар мәселелерді алдын-ала болжап, шешіп, және оларға бейімделе алатын білімі мен қабілетін көрсететін мамандарға беріледі.
Жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткен бағдарламаның студенттеріне CFA емтиханына және GARP FRM I-ге қатысу үшін стипендиялар ұсынылады.
• 120 ECTS
• 2 жыл
• Оқу тілі: ағылшын
Оқытушылар: Халықаралық жетекші университеттердің түлектері, ұлттық және халықаралық компаниялардың (Самұрық-Қазына, Қазақстан Даму Банкі, АХҚО, АТФ және т.б) мамандары
Оқу нәтижелері:
• Көшбасшылық, кәсіби этика және тиімді топтық жұмыс дағдыларын көрсету;
• Ағылшын тілінің жоғары жазбаша және ауызша деңгейін көрсету;
• Зерттеу этикасы мен академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын сақтау;
• Жаңашылығы мен сапасы сәйкес қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
• Зерттеуге негізделген идеяларды тауып, тиісті мүдделі тараптарға ұсыну;
• Қолданыстағы және негізгі ақпарат негізінде кәсіби пікірлерді тұжырымдау;
• Қаржылық мәселелерді диагностикалау, бағалау және шешу үшін теориялық білім мен аналитикалық дағдыларды қолдану және тиісті ұсыныстар әзірлеу;
• Тәуекелдерді басқару дағдыларын дамыту және жетілдіру;
• Тәуекелдерді басқару үдерісін сипаттау және үдеріс барысында туындайдын ықтимал мәселелер мен қиындықтарды сыни бағалау;
• Сандық өлшемдер, сапалық бағалауды және тәуекелдерді басқару сияқты тәуекелдерді өлшеу және басқару үшін қолданылатын құралдар мен рәсімдерді бағалау және қолдану;
• Инвестициялық салада жоғары этикалық стандарттардың қажеттілігін және CFA Институтының этикалық кодексі, кәсіптік мінез-құлық және тәуекелдерді басқару тәжірибесі үшін GARP стандарттарында талап етілетін этикалық жауапкершілікті түсіндіру;
• Ұйымда қауіп-қатер туралы хабардар болу мәдениетін қалыптастыру және дамыту;
• Эконометрикалық модельдерді бағалау мен түсіндіруде берік білім мен тәжірибелік дағдыларды көрсету;
• Деректерді өңдеу және эконометрикалық зерттеулер үшін модельдеу және кодтау бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру;
• Бизнес әлеміне қатысты жалпы құқықтық базаны және нақты құқықтық салаларды, сондай-ақ бизнес жүргізудің құқықтық салдарын түсіну бойынша білім мен дағдыларды дамыту;
• Қаржылық өнімдердің кең ауқымының негізгі сипаттамаларын және оларды бағалау мен инвестицияларды басқарудың стратегияларын бағалау;
Байланыс:
Аружан Сарсембаева – ХЭМ Жоғары оқудан кейінгі және қашықтықтан білім беру бағдарламаларының тьютор-менеджері
ab_sarsembayeva@kazguu.kz
Ақпарат алу үшін байланыс ақпаратын қалдырыңыз, біз сізге міндетті түрде хабарласамыз.
Курс бағдарламасының үлгісі*
Код | Курс атауы | ECTS | Required/Elective |
RCM5201 | Foreign Language (Professional) | 4 | R |
RСM5203 | Management Psychology | 4 | R |
RCM5202 | History and philosophy of science | 4 | R |
RCM5204 | Higher School Pedagogy | 2 | R |
RSM5201 | Research Methods | 5 | R |
FIN5321 | Financial Econometrics 1 | 5 | R |
FIN5305 | Financial Risk Management | 5 | R |
FIN5323 | Financial Statement Analysis | 5 | E |
FIN5313 | Advanced Corporate Finance | 5 | E |
FIN5310 | Investment Management | 5 | E |
FIN5322 | Financial Econometrics 2 | 5 | E |
FIN5325 | Portfolio Management | 5 | E |
FIN5311 | Valuation | 5 | E |
FIN5308 | Professional Ethics | 5 | E |
FIN5307 | Operational Risk Management | 5 | E |
FIN5324 | Fixed income securities | 5 | E |
FIN5302 | Bloomberg Concept Markets | 2 | E |
FIN5306 | Credit Risk Management | 5 | E |
FIN5309 | Securities and Derivatives | 5 | E |
ХЭМ келесі университеттермен және жоғары оқу орындарымен жұмыс істейді:
International School of Business SolBridge, WooSong University, South Korea;
Mendel University in Brno, Czech Republic;
Hof University of Applied Sciences, Germany;
OSCE Academy in Bishkek, Kyrgyz Republic;
European University Viadrina, Germany;
Turiba University, Latvia;
Байланыс:
Егер сіз академиялық ұтқырлық және алмасу бағдарламасына қатысу критерийлері туралы көбірек білгіңіз келсе, халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз, mobility@kazguu.kz.
Экономика магистрлік бағдарламасы жергілікті құрылымға назар аудара халықаралық білім стандарттарына негізделген.
Бағдарлама студенттердің аймақтық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болатын бизнес микро және макроанализ саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған.
ECTS: 120
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу тілі: Ағылшын
Оқытушылар: Халықаралық жетекші университеттердің түлектері, ұлттық және халықаралық компаниялардың (Самұрық-Қазына, Қазақстан Даму Банкі, АХҚО, АТФ және т.б) мамандары
Оқу нәтижелері:
• Көшбасшылық, кәсіби этика және тиімді топтық жұмыс дағдыларын көрсету;
• Ағылшын тілінің жоғары жазбаша және ауызша деңгейін көрсету;
• Зерттеу этикасы мен академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын сақтау;
• Жаңашылығы мен сапасы сәйкес қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
• Зерттеуге негізделген идеяларды тауып, тиісті мүдделі тараптарға ұсыну;
• Қолданыстағы және негізгі ақпарат негізінде кәсіби пікірлерді тұжырымдау;
• Экономикалық мәселелерді диагностикалау, бағалау және шешу үшін теориялық білім мен аналитикалық дағдыларды қолдану және тиісті ұсыныстар әзірлеу;
• Эконометрикалық модельдерді бағалау мен түсіндіруде терең білім мен тәжірибелік дағдыларды көрсету;
• Статистикалық бағдарламалық жасақтамада нақты деректермен эконометрикалық бағалауды орындау үшін жеткілікті деректерді басқару және кодтау дағдыларын көрсету
Байланыс :
Аружан Сарсембаева – ХЭМ Жоғары оқудан кейінгі және қашықтықтан білім беру бағдарламаларының тьютор-менеджері
ab_sarsembayeva@kazguu.kz
Код | Курс атауы | ECTS | Required/Elective |
RCM5201 | Foreign Language (Professional) | 4 | R |
RСM5203 | Management Psychology | 4 | R |
RCM5202 | History and philosophy of science | 4 | R |
RCM5204 | Higher School Pedagogy | 4 | R |
RSM5201 | Research Methods | 5 | R |
ECN5201 | Econometrics | 5 | R |
ECN5205 | International Economics | 5 | R |
ECN5304 | Optimization Theory in Economic Analysis | 5 | E |
ECN5309 | Microeconomics -II | 5 | E |
ECN5302 | Macroeconomics – II | 5 | E |
ECN5307 | Applied Economics | 5 | E |
ECN5308 | Advanced Econometrics | 5 | E |
ECN5206 | Labour Economics | 5 | E |
ECN5307 | Cases in Economics | 5 | E |
FIN5321 | Financial Econometrics 1 | 5 | E |
FIN5322 | Financial Econometrics 2 | 5 | E |
FIN5305 | Financial Risk Management | 5 | E |
FIN5302 | Bloomberg Concept Markets | 2 | E |
International School of Business SolBridge, WooSong University, South Korea;
Mendel University in Brno, Czech Republic;
Hof University of Applied Sciences, Germany;
OSCE Academy in Bishkek, Kyrgyz Republic;
European University Viadrina, Germany;
Turiba University, Latvia;
Байланыс:
Егер сіз академиялық ұтқырлық және алмасу бағдарламасына қатысу критерийлері туралы көбірек білгіңіз келсе, халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз, mobility@kazguu.kz.
Қазақстан Республикасының азаматтары Ұлттық тестілеу орталығымен өткізілетін кешенді тестілеу тапсырады.
КТ туралы ақпарат алу үшін сілтеме
Барлық дәрістер, курстық және ғылыми жұмыстар, диссертациялар ағылшын тілінде жүргізіледі. Үміткер ағылшын тілін жақсы меңгергендігін көрсетуі керек (IETLS кем дегенде 5.5). Бұл бағдарлама курс мазмұнының жетілдірілген деңгейіне байланысты тиісті бакалавр дәрежесі бар студенттерге (қаржы, экономика, бизнесті басқару) ұсынылады. Дәрежесі сәйкес болмаған жағдайда, студент тиісті міндетті курстарды меңгеруі қажет (Макроэкономика, Микроэкономика, Эконометрика) Студенттерге екі апталық интенсивті магистратура курсы ерекше жағдайда ұсынылуы мүмкін (әр топта кемінде 15 студент болған жағдайда).