«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында рейтинг жүргізеді. Рейтинг блоктарға бөлінген және бірнеше критерийлерге негізделген. Маңызды критерийлердің бірі – түлектің жұмысқа орналасуы және мансаптық болашағы.
⠀
Біздің университет 2022 жылғы рейтингте жетекші орынға ие болды. Мақсұт Нәрікбаев атындағы Халықаралық экономика мектебінің бағдарламалары келесі орындарға ие болды: «Есеп және аудит» – 1 орын. «Менеджмент», «Қаржы» және «Экономика» бағдарламалары
үздік бес бағдарламаның қатарына енді.
⠀
Біз оқытушылар құрамы мен басшылығына, студенттеріміз бен серіктестерімізге, әріптестеріміз бен қызметкерлерімізге зор алғысымызды білдіреміз. Бұл біздің ортақ еңбегіміз. Барлығы өз үлестерін қосты, және біздің көшбасшылық ұстанымымыз – сапа көрсеткіші және әрқайсысыңыздың күш-жігеріңізді бағалау болып табылады.