Жас экономист

Экономика жоғары мектебіне қарасты «Халықаралық ынтымақтастық және рекрутинг» орталығы 13-ші желтоқсан күні Астана қаласы № 34 орта мектебінде «Жас экономист» интеллектуалдық сайысын өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты мектеп оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін дамыту және экономика саласына қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау.

Тартысты бәсекеге 11-сынып оқушылары қатысып, алған білімдерін, тапқырлықтарын көрсетті. Ойында қойылған сұрақтар экономика, ағылшын тілі, география, саясат саласын қамтыды. Жас экономист атағына Хайрулинов Ерқадыр ие болды. 2-ші орын Курмантаев Алдиярға бұйырды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға Экономика жоғары  мектебі директорының атынан мақтау қағазы және ынталандыру сыйлықтары берілді. Шара соңында мектеп басшылығы «Жас экономист» интеллектуалдық ойынының пайдалы әрі қызықты болғанын айтып, Экономика жоғары мектебіне алғыстарын білдірді.