Туризмдегі атақты нұсқаушылармен қонақ дәріс

2016 жылдың 4 ақпанында «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы қонақ дәріс өткізуші ретінде туризмдегі атақты нұсқаушылар, туристік саладағы құрметті қызметкерлер мен Астанадағы жалғыз «Центр активного туризма и отдыха» («Белсенді туризм мен демалыс орталығы» ЖШС-тің жетекшілері Татьяна Федас пен Константин Миляевті шақырды. «Туризм» мамандығындағы 2-3курс студенттері мен «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы әріптестері үшін қонақ дәріс өте пайдалы болды. Әрқайсымыз турист болып табыламыз. Астананың көптеген тұрғындары Астанадан 15-50 шақырым радиус көлемінде демалуға болатынынан және белсенді демалатын туристік орындар бар екенінен хабарсыз.