Британ тілшісі Бенжамин Рар Университетте «ЭКСПО 2017 – Болашақ энергиясы» тақырыбына дәріс оқыды

15 қыркүйекте КАЗГЮУ-да BVR Reporting & Consulting  Ltd британ арнасының директоры және бас продюсері, BBC News және Bloomberg үшін мақалалар мен бейнематериалдарының авторы Бенджамин Рармен кездесу өтті. Бенджамин мырза Қазақстанға «ЭКСПО FEF: Future Energy Forum» атты халықаралық форумына шақырылған және елімізге келген кезде, КАЗГЮУ студенттерімен «Аstana ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің болашағы жайында сөйлесті.

Бенджамин Рар ағылшын, неміс және орыс тілдерін жақсы меңгерген, бұл студенттерге өз ойын еркін білдіруге көмектесті. Ол Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына ерекше назар аударады. Бенджамин мырзаның сөзінше, Қазақстан – болашағы зор жас табысты мемлекеттің жарқын үлгісі, ал оның негізі қазіргі жастардың, студенттер мен көсемдердің қолында.