Экспорттық бақылау бойынша ғылыми семинар

2016 жылдың 9 – 10 қараша күндері КАЗГЮУ Университеті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен және Еуроодақпен бірге экспорттық бақылау бойынша ірі семинарды өткізеді.

CoE38 жобасы Еуроодақ және Қазақстанның арасында стратегиялық тауарлардың саудасын реттеу саласындағы ынтымақтастықтың тәжірибеге бағытталған жаңа кезеңін бастап, 2015 жылдың тамызынан бері іске асырылуда.

Алдағы іс-шараның мақсаты – ЕО мүше-мемлекеттерінде ғылыми қауымдастық пен мемлекеттік қызметшілер үшін оқу бағдарламаларын ұйымдастыру үлгілері мен мысалдарын көрсету. ЕО мүше-мемлекеттерінен оқытушыларды, сондай-ақ стратегиялық тауарлардың саудасын реттеу саласында мол тәжірибесі бар мамандарды тарту арқасында бұл шараның теориялық сипаттан гөрі, практикалық сипаты басым болады.

Пайдалы ақпаратты ұсыну және қазақстандық әріптестермен Еуропада «Экспорттық бақылау» пәнін ұйымдастыру туралы біліммен бөлісуден басқа, сарапшылар халықаралық құқық, сауда және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері үшін ортақ және кейбір нақты тақырыптарға арналған интерактивті дәрістерді өткізеді. Олар БҰҰ мүше-мемлекеттерінің және режим мүшелерінің ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке қатысты сауданы реттеумен байланысты халықаралық міндеттемелері және сауданы реттеу себебі, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға қарсы күресте шараларды қабылдау туралы толығырақ ақпаратты беруге бағытталған.

Бағдарлама