АҚШ-та оқу – American Councils және American Corner өкілдерімен кездесу

 20 қыркүйекте КАЗГЮУ Университетінде «АҚШ-та оқу: гранттар, стипендиялық бағдарламалар, тағылымдамалар және басқа да оқу мүмкіндіктері» атты тақырыбына American Councils және American Corner өкілдерімен кездесу өтті.

American Councils өкілдері студенттер мен оқытушыларға UGRAD, Fulbright, Muskie, HubertHumphrey, IVLP, FLTA және т.б. бағдарламалар секілді АҚШ Үкіметі қаржыландыратын алмасу бағдарламалары туралы әңгімеледі.

ЭЖМ студенттері UGRAD бағдарламасына ерекше қызығушылық танытты, бұл бағдарлама бітіруші емес курстардың студенттеріне бір семестрді Американың жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ студенттер оқуға түсуге өтінімдерді беру рәсімі және ең беделді оқу орындарына конкурстан өту мүмкіндігі туралы көп сұрақ қойды.

Ал American Сorners өкілдері тегін ағылшын тілі курстары, әңгімелесу клубтары, тілді меңгеру бойынша сапасы жоғары материалдарға, орасан зор зерттеу деректерінің базасына, америкалық кітаптарға, фильмдер мен ойындарға және көптеген басқа нәрселерге еркін қол жеткізу туралы айтып берді, бұл ақпарат білім алушылармен қатар, оқытушыларды да қызықтырды.  

American Councils for International Education Kazakhstan және American Corner and Maker Space Astana өкілдеріне пайдалы ақпарат пен қызықты әңгіме үшін алғысымызды білдіреміз!

Стипендиялық бағдарламалардың толық сипаттамасы мұнда.

Кеңес алу және өтінімдерді беру мәселелері бойынша: Ерболатова Салтанат, 8-777-152-82-78; Жанбекова Ботагоз, 8-702-913-03-76 (308-кабинет).