«Campus France»: Франциядағы сапалы әрі қолжетімді білім

22 қыркүйекте КАЗГЮУ Университетінде Экономика жоғары мектебінің студенттері Француз альянсының Астана қаласындағы өкілі, «Campus France» бюросының үйлестірушісі Ирада Ариповамен кездесті. Ол аталған ұйымның француз жоғары білім жүйесінің шетелде танымал болуына қалай көмектескені жайында баяндады.

«Campus France» дегеніміз не? Бұл Франциядағы білім туралы толық ақпаратты ұсынатын және осы елге оқуға түскісі келетін оқушылар мен студенттерге көмек беретін мемлекеттік коммерциялық емес ұйым.

Неліктен Франция?

 

  • Франция Еуропаның ең үлкен мемлекеті болып саналады, ол Еуропалық Одаққа кіретін тоғыз мемлекетпен шектеседі.
  • Өмір сапасы бойынша әлемдегі екінші ел.
  • Керемет денсаулық сақтау және халықты қолдау жүйесі бар әлеуметтік мемлекет.

 

Франция Америка мен Ұлыбританиядан кейін шетел студенттерін қабылдау бойынша әлемдегі үшінші ел болып табылады. Бұл мемлекетте оқу гранттарын ғана емес, ал сонымен бірге стипендия төлейтін көптеген университеттер мен жоғары мектептер бар. Сондай-ақ осы елде бүкіл әлемге әйгілі және ең көне жоғары оқу орындарының бірі – Сорбонна білім береді. Атақты университетте сапалы білім алғысы келетін студенттер өте көп. Алайда Франциядағы барлық университеттердің бірдей сапалы білім беретіндігін белгілеу керек. Бұл елде жоғары оқу орындарының саны үш мыңға жуық болғандықтан, таңдау өте мол.

Грантқа түскісі келетін студенттердің қатарына іліну үшін француз не ағылшын тілін білу қажет. Бірақ кейде француз тілін жақсы деңгейде меңгеру оқуға қабылдану үшін жеткілікті. Ең бастысы – қызығушылық таныту, бұл елшілікте немесе қабылдайтын оқу орнында әңгімелесу сатысында стипендия алу мүмкіндіктеріңізді арттырады.

Францияда оқу үшін стипендиялық бағдарламалар:

 

 

Сондай-ақ «Campus France» орталығы Астана қаласындағы Француз Альянсымен бірге тіл меңгеру мақсатында Францияға бару мүмкіндігін ұсынады және барлық деңгейдегі француз тілінің курстарын жүргізуде.  

Ирадаға пайдалы ақпарат пен тартымды әңгіме үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

Барлық сұрақтар және өтініш беру мәселелері бойынша:

Ерболатова Салтанат, 8-777-152-82-78;

Жанбекова Ботагоз, 8-702-913-03-76 (308-кабинет).