ЭКСПО – 2017 көрмесіне арналған туризм және ағылшын тілі

КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебі 2016 жылдың 10 қазанында КАЗГЮУ университетінде өткізілетін «ЭКСПО – 2017 көрмесіне арналған туризм және ағылшын тілі» тақырыбындағы форумға қатысуға шақырады.

БАҒДАРЛАМА

Форумның мақсаты – ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысушылар мен мүдделі тұлғалар арасындағы ынтымақтастық үшін кәсіби алаң даярлау.

Форум мынадай бағыттар бойынша өткізілмек:

  1. Көрме аясында талқыланатын негізгі мәселелер;
  2. Туризмді дамыту: Экспо-2017 алдындағы және көрмеден кейінгі кезең;
  3. Ағылшын тілі – іс-шара аясындағы ынтымақтастық пен өзара түсінісушілік тілі.

Форум тілі  – қазақ, ағылшын, орыс тілдері.

Форум регламенті: 10 қазан 2016 ж.

13:30 – 14.30 ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ
14:30 -15.30 ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
15.30 – 16.00 КОФЕ- БРЕЙК
16.00 – 17.00­ ПАНЕЛЬДІК ОТЫРЫС “EXPO-2017 және дестинацияны басқару”
16:00 – 17.00­ “EХРО-2017 арналған кәсіби ағылшын тілі” семинарлары
17:00 – 18:00 Вакансиялар жәрмеңкесі

Барлық қызығушылық білдірген тұлғалар форумға тегін қатыса алады.

Форум соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Өтінім берудің соңғы күні: 2016 жылғы 7 қазан.

Анықтама үшін байланыс деректері: Фарида Бакирова, 87754672447

КАЗГЮУ Университеті, Қорғалжын тас жолы, 8, 308-кабинет, тел.: +7 717 2703047