Экономика жоғары мектебі ЭЖМ тұмарын (mascot) әзірлеуге конкурс жариялайды

Экономика жоғары мектебі ЭЖМ тұмарын (mascot) әзірлеуге конкурс жариялайды. ЭЖМ студенттерінің бастамасы бойынша сайыстың негізгі шарттарына жеңімпазды іріктеу рәсіміне қатысты толықтырулар енгізілді.

Mascot дегенде біз нені түсінеміз?

ЭЖМ mascot (немесе тұмарын) табысты бейнелейтін адамның, жануардың немесе кез келген басқа нысанның суреті немесе Экономика жоғары мектебінің жанұясына маңызды басқа құндылықтар арқылы бейнелеуге болады. Осындай тұмарлар батыстағы жоғары оқу орындарында қолданылады және сол оқу орнының студенттері мен оқытушыларын біріктіретін нышан, бойтұмар болып табылады.

Сайыс шарттары өте жеңіл:

  • маскот идеясын ойлап табу(қағазға суретін салыңыз/сурет сала алмайтын болсаңыз, оны сипаттаңыз; егер графикалық редакторларды меңгерген болсаңыз, сонда суреттеңіз
  • сипаттамасын беру(оны неліктен таңдағансыз, оның бейнелейтін құндылықтары)
  • ұран мен «айқайлатын шумақтарды» ойлап табу.
  • жеке және топтық жұмыстарды тапсыруға болады.
  • 14 қазаннан кейін ең үздік 5 жұмыс анықталады, олардың авторлары бір аптаның ішінде ЭЖМ студенттерінің алдында өз идеясын көрсетуге тиіс.
  • Жеңімпаз ЭЖМ студенттерінің жасырын дауыс беруі арқылы анықталады.
  • Ұсыну мерзімі: 14 қазанға дейін, жұма күні, сағат 18:00-ге дейін.
  • Қайда қабылданады: 206-кеңсе (кез келген тасымылдағышта: конверт, флешка және т.б.)

Сайыс жеңімпазы сыйлықпен марапатталады және Мектеп тұмарының авторы ретінде ЭЖМ тарихында мәңгі қалады. Кәсіби дизайнерлер тұмарды пысықтағаннан кейін, ол «КАЗГЮУ студенттеріне арнау – 2016» салтанатты шара кезінде көпшілікке ұсынылады.

Толық ақпарат алу үшін мына телефонға қоңырау соғыңыз:

тел.: 8 702 913 03 76 Ботагоз Жанбекова