Олжас Ғалымжанның қонақ дәрісі

30 қыркүйекте Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының спикері ретінде белгілі синхроншы-аудармашы, диктор, Proclass-Education оқу орталығының және I-translate.kz аударма бюросының негіз қалаушысы Олжас Ғалымжан дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы «Қазақстандағы ауызша аударма» болды. Олжас студенттермен өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, кәсіптің барлық қыр-сыры туралы әңгімеледі және жұмысты іздеу жолдары жайында ақыл-кеңес берді.
Қызық әрі пайдалы дәріс оқығаны үшін Олжас Ғалымжанға алғыс білдіреміз!