Author Archives: Ботагоз Жанбекова

Болашақ көсемдерге арналған кәсіби тұғырнама

25 мамырда  HSE Career Center орталығы  Multispace Astana кеңселік кеңістігімен бірге ЭЖМ түлектеріне арналған Бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты кәсіби платформаны ұсыну еді, бұл жерде университеттің болашақ түлектері компаниялардың өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, болашақтағы кәсіби қызметпен байланысты барлық мәселелерді талқылап, алдын ала сұхбаттасудан өте алады, ал басқа жағынан –  компаниялар дарынды әлеуетті жұмыскерлермен және бизнестің бір саласындағы кешелек көсемдермен таныса алады.

ЭЖМ әріптестері  PwC Kazakhstan, “Самұрық-Қазына” АҚ, EY Kazakhstan, KPMG Kazakhstan, BI Group, Corporate University “Samruk-Kazyna”, Radisson Hotel Astana, Wyndham Guayaquil, Delta Consulting Group, Kazunion Touroperator, Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы, , Еуразиялық банк, BDO Kazakhstan, Kaspi Bank, ARTA Software, Tsesna Bank, Hilton Garden Inn Astana, “Сенім” психологиялық-педагогикалық түзету орталығы, КАЗГЮУ магистратурасы мен докторантурасы, ЖШС  “International Corporate Services” компанияларының өкілдеріне алғыс білдіреміз.

Академиялық адалдық мәселелері бойынша ІІ жыл сайынғы Халықаралық ғылыми конференцияның қарары және фоторепортаж

Академиялық адалдық мәселелері бойынша «Академиялық адалдық және университетті басқару» атты ІІ жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференцияның құрметті спикерлері мен қатысушылары,

конференцияның қарарымен және пленарлық әрі панельдік секцияларының, сондай-ақ іс-шараның жабылу рәсімінің фоторепортаждарымен конференцияның ресми сайтында берілген сілтемелер бойынша таныса аласыз.

 

Экономика жоғары мектебінің бос орындар жәрмеңкесі – 2017

Құрметті студенттер,

ЭЖМ Корпоративтік даму және мансап орталығы Коворкинг Multispace-пен бірге кезекті жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі миссиясы – кәсіби платформаны ұсыну, бұл алаңқайда, бір жағынан, болашақ университет түлектері компаниялардың өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, кәсіби қызметпен байланысты барлық мәселелерді талқылап, жұмыс берушілермен әңгімелесе алады, ал басқа жағынан – компаниялар дарынды түлектермен танысып, өз бизнес саласындағы болашақ көсемдермен таныса алады.

Экономика жоғары мектебінің бос орындар жәрмеңкесі – бұл:

  • Іс-шараның  жаңартылған нысаны;
  • Жұмыс берушілер үшін жас мамандардың кәсіби даярлануын, жастардың моральдық және әлеуметтік бейімділігінбағалауға, ізденушілердің жеке тұлғалық әрі моральдық ерекшеліктерін өз ұйымдарының нысанымен салыстыруға мүмкіндік;
  • Үміткерлерді жұмысқа алдын ала іріктеу мүмкіндігі;
  • Іс-шара аясында танымал мамандардың шебер-сыныптары және бреинсторминг тәсілдері.

Өзімен бірге түйіндеме көшірмесі мен жеке куәлік болуға тиіс.

Бос орындар жәрмеңкесі 2017 жылдың 25 мамыр күні сағат 10.00-де Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 34 мекенжайы («ASTANA MALL» ОСК, MULTISPACE кеңсе кеңістігі, 3-қабат) бойынша өтеді.

 

Ювенологиялық оқулар- 2017 бойынша материалдар жинағы жарияланды

017 жылдың 12 сәуір күні  Экономика жоғары мектебінің әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасы және “Ювенологиялық зерттеулер орталығы” ҚҚ п.ғ.д., ә.ғ.д., профессор А.Н. Тесленконың басшылығымен халықаралық мамандардың қатысуымен “Ювенологиялық оқулар – 2015” атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференцияны өткізді. 

Еске сала кетейік, “Ювенологиялық оқулар – 2016” конференциясының ұйымдастыру комитетіне Қазақстан (Астана, Көкшетау, Семей) мен Ресейдің (Петербург, Самара) танымал жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарының елу екі баяндамасы түсті. Пленарлық және секцияаралық мәжілістер төңірегінде он алты баяндама тыңдалды және талқыға салынды.  

Ювенологиялық оқулар бойынша материалдар жинағы – 2017 мына сілтемеден таба аласыз.

«ADK project» ЖШС-і консалтингтік компаниясына сарапшы қажет

Құрметті студенттер,

«ADK project» ЖШС-і консалтингтік компаниясына сарапшы қажет.

 

Бос орын туралы

Лауазым атауы: сарапшы-аналитик

Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні (сағат 9.00-18.00), түскі үзіліс: сағат 13.00-14.30, дүйсенбі-жұма.

Жалақы (айлық, теңге): 80 мың беріледі (100 мың есептеледі).

Әлеуметтік пакет: қарастырылмаған.

Іссапарлар: Қазақстанның басқа қалаларына кейде болуы мүмкін, бірақ жиі емес – жылына 2-3 мәрте.

Үміткерге қойылатын талаптар

Жасы: 22 – 35 жас аралығында

Білімі: орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік.

Мамандығы: экономика, менеджмент, маркетинг, заңтану, математика. Сонымен бірге, басқа мамандықтарымен, оның ішінде гуманитарлық мамандықтармен кандидаттарды қараймыз.

Жұмыс тәжірибесі: маңызды емес. Негізгі жұмыс дағдыларын өзіміз үйретеміз.

Тілдерді білу: орыс (міндетті). Басқа тілдерді білгені жөн, бірақ міндетті емес.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:

– орыс тілінде өз ойынды сауатты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу;

– үлкен көлемді мәтін және сандық ақпаратпен жұмыс істей білу, оның ішінде оны жинау, талдау, қорытынды жасау, ұсыныстарды әзірлеу;

– интернетте ақпаратты іздей білу (статистикалық деректерді іздеу, тапсырылған тапқырып бойынша сайттардың мазмұнын талдау, нормативтік-құқықтық актілердің базасы бойынша іздеу және т.б.);

– баяндамалар, дәрістер үшін презентацияларды жасай білу;

– командада жұмыс істей білу;

–Word, Excel және PowerPoint жақсы пайдалана білу.

Негізгі лауазымдық міндеттер:

– жобалау алдындағы құжаттаманың жекелеген бөлімдерін/кіші бөлімдерін/тарауларын әзірлеу (жазу): бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі, техникалық-экономикалық негіздемелер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстары.

– компания ұйымдастыратын тренингтер мен семиналарды өткізумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді жүргізу.

Компания туралы

«ADK project» ЖШС-і – Астана қаласында ҚЭН, ТЭН, МЖӘ тұжырымдамаларын, бизнес-жоспарларды, инвестициялық ұсыныстарды кәсіби әзірлеу мен сүйемелдеу, зерттеу жобаларын іске асыру және оқытушы іс-шараларды өткізу бойынша қызметтерді көрсететін консалтингтік компания. Компания туралы толық ақпаратты сайттан не әлеуметтік желілерден білуге болады.

Ескертпе

Электрондық мекенжайға өз жұмыстарын немесе өз бетінше дайындаған мақалалардың, рефераттар мен өзге мәтін материалдарының үлгілерін жолдаған ізденушілердің бәсекелі артықшылығы болады.

 

 

 

«Аударма ісі» мамандығының студенттері ҚР СІМ-ге жұмысқа орналасуға ұсыныс алды

КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебінің «Аударма ісі» мамандығының бітіруші курстағы он үш студентіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасының Синхрондық аудару бөліміне жұмысқа орналасуға ұсыныстар түсті.

13 мамыр күні бітіруші курстың студенттері «Жүйелі аударма» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамында ҚР СІМ жанындағы синхрондық аударма бөлімінің басшысы Салтанат Конуспаева, сондай-ақ ілеспелі-аудармашылар Таиров Алексей, Мейрам Ислам, Даурен Мурзабеков жәнеЭЖМ Аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Айжан Кашкенова.

Мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша, комиссия төрағасы – Салтанат Конуспаева болашақ мамандарды керемет аудары дағдылары үшін мақтап, он үш студентке өз түйіндемелерін жіберуге және ҚР СІМ жанындағы синхрондық аударма бөліміне сұхбаттасуға келуге шақырды: Жуман Балжан, Избаскан Айгерим, Рахметова Акнур, Сагымбай Айжан, Серикбаева Гаухар, Сабет Аяулым, Хамит Амина, Абдрахманова Валерия, Имаков Султан, Касымова Дана, Раймкулова Арина, Солтамакова Регина, Тасмуканова Сандугаш.

ҚР СІМ-ге жұмысқа орналасу мұқият іріктеудің бірнеше кезеңін қамтиды. Студенттерімізге сәттілік тілейміз және оқытушыларға берген асыл білімдері үшін алғыс білдіреміз!

 

 

 

«ThePhoenix» студенттік газетінің арнайы шығарылымы

Screenshot

5 мамыр күні «The Phoenix» газетінің арнайы нөмірі жарық көрді. Бұл шығарылым КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебінің төрт мамандығының CIMA (Chatrered Institute of Management Accountants) аккредиттелуін алуына арналған. Айта кетерлігі, біздің білім ордамыз осы аккредиттеу рәсімінен өткен Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылады. Сапа сертификаты төрт жылға берілді (2017-2021 жылдары). Демек, енді Есеп және аудит, Қаржы, Экономика және менеджмент мамандықтарының студенттері жоғары білім туралы дипломмен бірге  CIMA Operational Level сертификатын алу мүмкіндігіне ие болды және олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.

Сондай-ақ осы шығарылымда іс-шараның әріптесі – «Экотон+» АҚ компаниясының президенті Константин Машанскийдің өзі табыстаған үш жүз мың теңге көлеміндегі ақшалай қордың иегерлері, конкурс жеңімпаздары «Bolashak Business Competition» бизнес-кейстерді шешу бойынша халықаралық зияткерлік ойынның барлық қыр-сырларымен бөліседі.«Team Phoenix» командасының мүшелері Айвар Курманов, Руслан Досмайыл, Дина Алтыбасарова және Назгуль Абишева оқырмандармен аталған конкурсқа өзінің қатысу тәжірибесімен бөліспекші.

Осы және тағы да басқа көптеген жаңалықтар туралы мына сілтеме бойынша оқыңыздар.

Газеттің қағаз нұсқасы ЭЖМ директоратында және кітапханада тегін таратылады.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша thephoenix@kazguu.kz электрондық поштаға жазуыңызды сұраймыз.

 

«The Phoenix» студенттік газетінің төртінші шығарылымы

 

2 мамырда Экономика Жоғары Мектебінің «The Phoenix» студенттік газетінің төртінші шығарылымы жарық көрді.

Газеттің бұл нөмірі осы оқу жылында жарық көретін соңғы шығарылым болғандықтан, тілшілеріміз өткен академиялық жылдың қорытындысын шығаруға және Экономика жоғары мектебі мен оның студенттерінің жетістіктері туралы айтуға бел буды.

Еске сала кетейік, осы жылы ЭЖМ студенттері ең беделді сайыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары болды:  «Bolashak Business Competition» бизнес-кейстерді шешу бойынша халықаралық зияткерлік ойыны,  «CFA Institute Research Challenge», «CIMA Business Challenge Kazakhstan 2017», «KIMEP CUP», «EY Accounting Case Competition», жоғары оқу орындарының арасындағы аудару бойынша конкурстары және ғылыми конференциялар. Сондай-ақ студенттерімізКонрадаһ Адэнауэр атындағы стипендия және SUSI көшбасшы-студенттері үшін АҚШ институттарының бағдарламасы секілді халықаралық стипендиялардың иегерлері атанды.

Студенттердің белсенділігі тек жеке өз мақсаттарына қол жеткізуімен шектелмейді, олар өз курстастары мен достарын алуан түрлі емтихандарды табысты тапсыруға дайындау бойынша консалтингтік жобаларды іске асыруда. Студенттердің осы игі бастамасы – КАЗГЮУ-дың «PHOENIX» студенттерді даярлау орталығы деп аталады.

Сондай-ақ 9 мамыр қарсаңында ата-бабаларымыз сыйлаған ұлы мұра – Өмір мен оның Мүмкіндіктері жайлы ескерткіміз келеді. Тыл ардагерінің әңгімесі ешкімді де бейжай қалдырмайды.

Сонымен бірге осы нөмірде түлектеріміз бөліскен құпияларға және оқытушыларының ақыл-кеңестеріне ерекше орын бөлінді.

Осы және тағы да басқа көптеген жаңалықтар жайында мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Газеттің қағаз нұсқасы ЭЖМ директоратында және кітапханада тегін таратылады.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша thephoenix@kazguu.kz электрондық мекенжайына жолығуыңызды сұраймыз.

ASTANA ECONOMICS OLYMPIAD ІІ турының қорытындысы жарияланды

Бұл олимпиаданы Экономика Жоғары Мектебі ұйымдастырды. Қатысушылар бюджеті тым төмен startup-ты іске қосу жобасын табыс етті. Мектеп оқушылары Team name, Team work, Delivery, Visual aids критерийлері бойынша бағаланды. Балалар олимпиадаға жете дайындалғанын, ойлау жасампаздығын, шығармашылық қызығушылықты, командалық рух пен аналитикалық қабілеттерін көрсете білді.

1-орын мен стипендияға ие болғандар: «Kades» командасы – Диана Замураева (51-мектеп), Каламкас Кульчинбаева (Зерде), Аружан Муратова (50-мектеп), Сая Жагпарова (15-мектеп), Ерлан Оразов (72-мектеп).

2-орын: «Ағартушылар» командасы – Азамат Каныш (72-мектеп), Мурат Жанакулов (9-мектеп), Карлыгаш Есимова (5-мектеп), Данияр Токсанбаев (15-мектеп), Даяна Оспанова (31-мектеп). «Enchante» командасы: Сунгат Ханхожин (31-мектеп), Лұқбек Дүйсенбеков (Зерде), Гүлназ Ермек (56-мектеп), Данара Мубарак (66-мектеп), Нұрбибі Алтаева (64-мектеп).

3-орын: «KazLink» командасы – Дана Саутбекова (31-мектеп), Алишер Амирбеков (5-мектеп), Даулет Ташкенбай (9-мектеп), Бауыржан Батырбалинов (28-мектеп). «Delivers» командасы: Алибек Абдеков (Зерде), Әділ Бәкен (Зерде), Жанель Пернебек (31-мектеп), Алина Ризабекова
(75-мектеп).

Экономика Жоғары Мектебінің басшылығы атынан қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтары табысталды.