1) 2014 жылғы студенттер қатарына қабылдау іс-шарасында Экономика жоғары мектебі командасының жеңімпаз атануы.

klyuchevye-sobytiya1

2014 жылдың қараша айында ЭЖМ командасы КАЗГЮУ студенттер қатарына қабылдау Кубогының және «Үздік қойылым» кубогының иегері атанды. «Есеп жәнеп аудит» мамандығының 4-курс студенті Ақбота Қунирбаева КАЗГЮУ Фемидасы атанды.

klyuchevye-sobytiya2 klyuchevye-sobytiya3

2) Экономика жоғары мектебі командасының жеңісі, 2014 жыл

klyuchevye-sobytiya4

2015 жылдың 13 қарашасында ЭЖМ командасы КАЗГЮУ студенттер қатарына қабылдау Кубогын жеңіп алды. «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенті Амина Хамит КАЗГЮУ Фемидасы болды.

klyuchevye-sobytiya5 klyuchevye-sobytiya6 klyuchevye-sobytiya7 klyuchevye-sobytiya8

3) Құрамында Экономика жоғары мектебінің студенттері қатысқан КАЗГЮУ Университеті командасы алғаш рет Республикалық Enactus Kazakhstan Expo 2015 конкурсын жеңіп алды.

2015 жылдың 14-15 қазанында Enactus Kazakhstan Expo 2015 ұлттық кубогының жеңімпазы – КАЗГЮУ командасы Йоханнесбургте (ОАР) әлемнің 36 елінен келген студенттермен бақ сынасты .

klyuchevye-sobytiya9

Ержан Алимбеков, Ануар Лензат, Арман Елеш, Ержас Ерханов, Нурхан Жаксылыков, Нурдин Исраилов, Ербол Каримов, Регина Рахметова олардың эдвайзері Ерлан Каримов осы керемет конкурста елміздің намысын қорғай білді.

klyuchevye-sobytiya10 klyuchevye-sobytiya11 klyuchevye-sobytiya12

4) «Білімдегі инновация: кейс-стади рөлі. Үздік тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуі.

klyuchevye-sobytiya13

2015 жылғы 19 мамырда «Білімдегі инновация: кейс-стади рөлі. Үздік тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары дәрежеде өткізілді.

Конференцияның мақсаты білім беруде және бизнестегі инновация саласындағы практиктер мен зерттеушілер арасында диалог үшін халықаралық пәнаралық форум құру болатын. Халықаралық және қазақстандық жетекші зерттеушілер, практиктер, сарапшылар экономика және бизнес саласындағы өзекті мәселелерді қозғап, кейстер жасау және оны оқытуда қолдану, сонымен қатар практикалық мәселелердің шешілу жолдарын талқылады.

klyuchevye-sobytiya15 klyuchevye-sobytiya14 klyuchevye-sobytiya16 klyuchevye-sobytiya17

5) Бүкіләлемдік Жастар форумының өткізілуі.

FjKsIl0JiwdfD1JzQrYYmQQ1ehlTw5

2015 жылдың 20 мамырында Астаналық экономикалық форум аясында экономика және инновация саласындағы ғылыми-зерттеу конкурстары жеңімпаздарының қатысуымен IV Бүкіләлемдік Жастар форумы өткізілді. Форум тақырыбы: «Бүгінгі студент – ертеңгі ЭКСПОнент».

Форумның негізгі қатысушыларының қатарында жас ғалымдар, білім алушы студенттер, кәсіпкерлер, экономистер, инноваторлар, дипломаттар, саясаткерлер, қаржыгерлер болды. Олардың ішінде Ресей Федерациясынан 50-ге жуық, Еуразия елдерінен (Франция, Кырғызстан, Белоруссия, Армения) 20-ға жуық адам келді.

Аталмыш Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумының негізгі оқиғасы жас ғалымдар, кәсіпкерлер, инноваторлардың Еуразия елдерінің кәсіпкерлігін және энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың жол картасы туралы ой қозғалған болжам-сессиясы болды.

klyuchevye-sobytiya24 klyuchevye-sobytiya23 klyuchevye-sobytiya22 klyuchevye-sobytiya21 klyuchevye-sobytiya20 klyuchevye-sobytiya19

6) Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездесу.

klyuchevye-sobytiya25

КАЗГЮУ Университетінің тарихында алғаш рет университетке Нобель сыйлығының лауреаттары келді. 2015 жылдың 21 мамырында Экономика жоғары мектебі және Экономикалық зерттеулер институты ҮІІІ Астаналық экономикалық форумның және Экономистер клубы аясында Нобель сыйлығының лауреаттары Финн Кидланд және Эрик Маскинмен кездесу ұйымдастырды. Доктор Кидланд өткізген дәрісінің тақырыбы «Қазіргі заманауи ортадағы инновациялар мен капиталдың қалыптасуы», ал доктор Маскиннің тақырыбы «Адамдардың ішкі таңдауын білмей тұрып, дұрыс шешім қабылдаудың жолдары: механикалық дизайнды ендіру» болды.

klyuchevye-sobytiya26 klyuchevye-sobytiya27 klyuchevye-sobytiya28 klyuchevye-sobytiya29

7) Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы

klyuchevye-sobytiya30

Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы әрбір студенттің ішкі мүмкіндіктерін ашып, қоғамда студенттердің өзара нәтижелі әрекеттестікке ие болу қабілетін қалыптастыруға; олардың уәжділігін арттыруға; командада жұмыс істеуді ұйымдастыру және басқару мен жоспарлауды тиімді пайдалану қасиеттерін дамытуға бағытталған. Көшбасшылықты дамыту бағдарламасына өз карьерасын қалыптастыруға қажетті қасиеттер мен өз жетістіктерінің тарихымен бөлісетін халықаралық және ұлттық компаниялардың, мемлекеттік ұйымдардың топ-менеджерлері мен басшылары тұрақты түрде шақырылып, бағдарламаға қатысушылармен кездеседі.

klyuchevye-sobytiya31 klyuchevye-sobytiya32 klyuchevye-sobytiya34 klyuchevye-sobytiya33

8) A-Step to Graduate бағдарламасы

klyuchevye-sobytiya35

A-Step to Graduate бағдарламасы – Экономика жоғары мектебінің түлектеріне арналған еңбек нарығында көтерілу және өз орнын табуға көмектесетін, біліктілікті дамытатын керемет бағдарлама. Аталмыш бағдарлама студенттерге жұмыс іздеуге және тайм-менеджмент, сұхбат, таныстырылым және т.б. өзіне қажетті шеберліктерін дамытуға көмектеседі. Бағдарламаға қатысушыларға курсты бітіргені туралы сертификат беріледі және бітіру туралы дипломда қосымша белгі қойылады.

9) Экономика жоғары мектебіне 2015жылы 10 жыл болды

klyuchevye-sobytiya36

10 желтоқсан күні КАЗГЮУ Университеті акт залында «ЭЖМ-ға 10 жыл» тақырыбында Экономика жоғары мектебінің 10 жылдығына арналған мерекелік шоу-концерт болып өтті.

klyuchevye-sobytiya37 klyuchevye-sobytiya38 klyuchevye-sobytiya39