Elite Cup 2016

2016 жылдың 20 қаңтарында Астана қ. жалпы білім беру мектептерінің білім алушыларына арналған дәстүрлі ІІІ Elite Cup зияткерлік ойыны өтті. Зияткерлік ойынның мақсаты – болашақ мамандық таңдауға көмектесу, сауаттылықты арттыру, Экономика Жоғары Мектебі мамандықтары бойынша білім алуды әйгілеу. Осы жылы ойынға қатысуға 4-5 адамнан құралған 17 команда өтінім берген. Бағдарламада қатысушыларға КАЗГЮУ Университеті бойынша экскурсия өткізу, Мектеп мамандықтары бойынша және білім беру бағдарламалары бойынша таныстырулар өткізу, жеті деңгей бойынша сұрақ-жауап сайысы мен ақтық мәреде практикалық тапсырманы орындау қамтылған.  Шараның аяғында қазылар алқасының бағалары 1,2 және 3-орындардың жеңімпаздарын анықтады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар КАЗГЮУ университетінде оқуға 10%-дық жеңілдіктің ұтыс ойыны өткізілді.

Elite Cup 2016 зияткерлік ойынында бірінші орынды №67 гимназияның «Достық»  командасы иеленді. Бұл команда екінші жыл қатарынан 1 орынды иеленуде. Elite Cup 2016 зияткерлік ойынында екінші орынды № 53 мектеп-лицейінің командасы иеленді. Elite Cup 2016 зияткерлік ойынында үшінші орынды № 35 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары иеленді. Шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыздар!