Психолог-студенттер инклюзивті фестивальда

ЭЖМ психолог-студенттері «Өзгерістер лебі» («Ветер перемен») инклюзивті фестиваліне қатысты. «ОкеанАрт» арт-терапия шығармашылық орталығының психологы Ирина Сергеевнаның шақыруымен 2016 жылдың 14 ақпанында «Психология» мамандығының 2-3-курс студенттері Астанада  төртінші рет өткізіліп отырған «Өзгерістер лебі» («Ветер перемен») инклюзивті фестиваліне қатысты. Фестивальдің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен дені сау құрдастарын біріктіретін шығармашылық кеңістікті орнату болып табылады. Аталмыш фестиваль олардың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектеседі, балаларды тәуелсіз өмірге, қоғамда түсіністікпен, шыдамдылықпен, өзгешеліктерге қатысты құрметпен өмір сүруге дайындайды.

Біздің болашақ психологтарымыз ерекше қажеттіліктері бар балалардың дарындарын көріп қана қоймай, сондай балалардың психологиялық ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Студенттер арт-психологтардың шеберлік сабақтарын бақылап, арттерапияның әр түрлі бағыттарымен таныса алды. Серіктесіміз Шэ.Иринаға ынтымақтастық қарым-қатынасы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.