Динара Сатжан: Бірден алып, жасау

22 ақпанда Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасы аясында тележүргізуші, кәсіпкер-ханым Динара Сатжанмен кездесу өткізілді.

Динара студенттермен өзінің жеке тәжірибесімен, жетістіктер тарихымен, әрі ең бастысы, «Бірден алып, жасау» керек екенін айтып, бөлісті.

«Теледидар алдында үйде жатуыма немесе достарыммен студенттік асханада отыруға да болатын еді. Бірақ бұл КАЗГЮУ Экономика Жоғары Мектебінің студенттеріне қатысты емес. Олар тыңдайды, қызығады, сұрақ қояды және өздерінің жаңа қарым-қатынастарын орнатып, қоғамын қалыптастырады! Мен де нетфоркингті қолдаймын! » – деп Динара инстаграмдағы постында жазып, біздің студенттерімізбен өткен кездесудегі әсеріне түсініктеме берген.