Психологтардың жемісті қадамдары

«Психология» мамандығының түлектері өздерінің кәсіби жұмысында алғашқы сәтті қадамдарын жасауда. Әлеуметтік-психология пәндері кафедрасы әрқашан өз түлектерімен байланыста болып, олардың алғашқы жетістіктеріне қуанып, жас мамандарға қолдау көрсетуде.

«Астаналық білім» газетіндегі біздің түлегіміз Жұлдыз Рахымжанованың өзіне өз қол жұмсаудың алдын алуы туралы ақпаратты үлкен мақтанышпен оқығанбыз.  

2016 жылдың 4 наурызында тағы бір түлегіміз өз оқытушыларын жақсы жаңалықпен қуантты. Біздің түлегіміз психолог Жанар Байгазиева «2016 жылдың жас маманы» фестивалінің 1 турында Бас жүлдеге (Гран-при) ие болды. Жанарға осы жылдың 31 наурызында болатын 2 турда да жеңіске жетуіне сәттілік тілейміз.  

Барлық түлектерімізге ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіре отырып, болашақ кәсіби мансаптық жолында жетістікке жетуінде сәттілік тілейміз!