Аударма бойынша Республикалық олимпиада

2016 жылдың 26-27 ақпанында «Аударма ісі» мамандығындағы 4  курс студенттері Жанар Байкенова мен Дания Сарина Алматыда өткен жыл сайын Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Қазақ Университеті негізінде ұйымдастырылатын Республикалық олимпиадаға  қатысты. Олимпиад 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде ғылыми мәтінді жазбаша аудару болса, екінші кезеңде қатысушылар өздерінің ауызша аудару дағдыларын саяси мәтінді ілеспе аударма арқылы көрсетуі керек еді. Елдің әр түрлі аймағынан жиналған өздерінің мықты қарсыластарының болғанына қарамастан «Аударма ісі» кафедрасының студенттері жоғары нәтижелерді көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.