Оңстүстік Флорида университеттерімен қос диплом бағдарламасы енгізілуде

South Beach FL

 

Құрметті достар!

Қос диплом бағдарламасы мен Association of North America Higher Education

International (ANAHEI) ынтымақтастығымен әзірленген АҚШ-тағы жазғы

Көшбасшылық академиясы енгізілгенін хабарлаймыз. Қос диплом

бағдарламасы сізге Оңтүстік Флоридадағы кез келген он екі университеттің

бірінде оқуға мүмкіндік береді. Қос диплом бағдарламасы мен Жазғы

Көшбасшылық академиясында келесі мәселелер қамтылған:

1) 2+1+1: КАЗГЮУ ЭЖМ студенттері екі жыл КАЗГЮУ Университетінде

білім алғаннан кейін Флоридадағы Санта Фе Колледжінде бір

академиялық оқу жылы бойына білім алу мүмкіндігіне ие болады

(Колледж #1 в США). Одан кейін олар кепілді түрде Флорида

штатының кез келген басқа университетіне ауысады (университет

тізімдері келесі мекенжайда қолжетімді

http://www.flbog.edu/aboutsus/universities/). Осылайша олар Санта Фе

Колледжінің қауымдастырылған дәрежесін (Associate Degree) және

Флорида университеті мен КАЗГЮУ Университетінің бакалавр

дипломдарын алады. Санта Фе Колледжі АҚШ-тағы 10 үздік

университеттер қатарына енген және барлық америкалық

университеттер арасында 47 орынға ие болған Флорида

Университетімен тікелей байланыс орнатқан.

2) 1+1+2: КАЗГЮУ ЭЖМ студенттері КАЗГЮУ-де бір жыл оқуы

аяқталғаннан кейін келесі академиялық оқу жылында Санта Фе

Колледжіне жіберіледі. Сосын олар қалған екі оқу жылын КАЗГЮУ

Университетіне оқуына қайтып келіп, аяқтайды. Бакалавр дипломына

қосымша олар Санта Фе Колледжінің қауымдастырылған дәрежесін

алады.

3) Жазғы Көшбасшылық академиясы: Association of North America

Higher Education International (ANAHEI) көшбасшылардың жазғы

лагерін өткізеді. Онда студенттер ағылшын тілін жетілдіріп, өздерінің

көшбасшылық машықтарын тереңдете түседі. Бағасы: $3500

(авиаұшудан басқа шығындардың барлығы қамтылған). Одан да

көбірек мәліметтерді мына сайттан алуға болады: http://anahei.org/gyla/

сонымен қатар біз дарынды студенттерге (750$-ға дейін) стипендия

тағайындалатынын хабарлаймыз!

Басқа да сұрақтар бойынша «Экономика, менеджмент және туризм»

кафедрасының аға оқытушысы Ғалымжан Сейіловке

g_seilov@kazguu.kz, КАЗГЮУ Университеті, 207 каб. Хабарласуға

болады.