ЭЖМ – Astana Coaching Day серіктесі

18 сәуірде Экономика Жоғары Мектебі алғашқы 2016 жылғы Astana Coaching Day-дің серіктесі болды. Шараға 50-ден астам адам қатысты. Оның қатарында студенттер, оқытушылар, сонымен қатар университет қонақтары бар. Спикерлер ретінде сертификатталған келесі қонақтар мен бизнес-тренерлер Айбар Абраев ( Британдық Кеңестің сертификатталған тренері,  Erickson Coaching International, International Coaches Union коучі бойынша тәжірибесі бар маман), Людмила Левитанус (Erickson Coaching International-дың кәсіби сертификатталған коучі, 10 жылдық тәжірибесі бар бизнес-тренер), Балсулу Тасбулатова (коуч, халықаралық ынтымақтастық бойынша сарапшы), Вера Садыкова (Erickson Coaching International кәсіби сертификатталған коучі, Wingwave/EmotionSync-тің сертификатталған коучі), Мадина Баймуханова (International Coaches Union-нің сертификатталған жеке коучі), Томирис Мусаева (AGATHospitality Education-нің негізін қалаушы және директоры, сертификатталған бизнес тренер, International Coaches Union-нің сертификатталған коучі) қатысты.

Қатысушылар “коучингтің” не екені туралы ақпараттандырылып, коучинг құралдарын жеке персоналды басқаруда қалай іске асыруға болатыны туралы,  SMM-да құралдарды пайдаланудан, сонымен қатар эмоциялық синхрондықты қалай өткізіп, оны басқаруда қалай қолдануға болатындығынан  хабардар болды. Шара “Болашақ”ассоциациясымен, Erickson International Central Asia & Caucasus и International Coaches Union мекемесінің қолдауымен өткізілді.