КАЗГЮУ-дің Элит командасы “Кемел кәсіпкер”чемпионатын ұтты

20 сәуірде Астана қаласында AlmaUniversity_Astana – бұрынғы МАБ кеңсесінде бизнес-кейстерді шешу бойынша «Кемел кәсіпкер» атты Іскери ойындар чемпионаты өтті.

Республикалық чемпионатта Астананың намысын қорғайтын бірінші орынға төрт команда бәсекеге түсті. “КазГЮУ Элит” командасын осы байқаудағы жеңістерімен құттықтаймыз. Балалар Шин-Лайн компаниясын дамытудың идеясын бар-жоғы 1,5 сағатта ресімдеп, ұсынды. “Шин-Лайн” компаниясы балмұздақ нарығында 15% үлеске ие. Олардың маркаларының арасында барлығына танымал пломбир, шоколадты балмұздақ, «Бомба» балмұздағы бар. Балалар жарнамалық компанияны ұлғайтып, BTL-акцияларын өткізуді және сауда орталықтарында балмұздақ кафелерін орналастыруды ұсынды. Қатысушылар айтқан толыққанды таныстыру қазылар алқасының қанағаттандырып, олар Астанадан республикалық чемпионатқа бару мүмкіндігіне ие болды. Павлодарда өтетін шарадан да жеңіспен оралуын тілейміз.