Ювенологиялық оқулар-2016

2016 жылдың 25 сәуірінде ЭЖМ-нің Әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасы мен Орталық ювеналды зерттеулер орталығы профессор Александр Тесленконың жетекшілігімен «Ювенологиялық оқулар-2016» Республикалық студенттік ғылыми-практикалық халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Конференция Халықаралық жастардың ынтымақтастық күніне арналған. Ол жыл сайын 24 сәуірде (1957 жылдан бері Бүкіләлемдік демократиялық жастар федерациясы шешімімен) аталып өтуде. Бұл күн мемлекеттік органдарды, қоғамды және бұқаралық ақпарат құралдарын жастаға қатысты мәселелерге назар аудартуына ықпал етеді.

«Ювенологиялық оқулар-2016» жұмысына Қазақстанның (Астана, Көкшетау қалаларынан) және Ресейдің (Санкт-Петербург, Самара қалаларынан) 72 студенті, магистранты қатысты. Конференция аясында жас ғалымдардың баяндамалары оқылып қана қоймай, жастардың бастамаларының, әлеуметтік жобаларының, мәдени тәжірибелерінің таныстырулары өтті.

Ең үздік баяғдама ретінде қатысушылар «Адамгершілік-жыныстық тұрғыдағы тәрбиенің психологиялық аспектілері» атты 3 курс «Психология» мамандығының студенті Алия Рахимованың жұмысын таныды (ғылыми жетекші аға оқытушы Болатбекова Н.Ж.).