“QAZAQ BANKI” АҚ Директоры ЭЖМ-де қонақта

2016 жылдың 27 сәуірінеде “QAZAQ BANKI” АҚ Астана қаласындағы Филиалының Директоры Даурен Шеримовпен қонақ дәрісі сәтті өтті.

“Белгілі бір табыстың қағидасы бар дегенімізбен, оның қандай болатынын ешкім білмейді. Біз табысты тек қана ол орындалған, не оған қол жеткізген кезде ғана түсінеміз. Мен өзімді табысты адамдардың қатарында санаймын. Өз бастамаларымда менің мақсат пен оған жету кезеңдерін айқын көретінім – табыстың өзі. Табыстың белгілі бір ұстанатын қағидасы не ережесі жоқ. Жағдайлар әр түрлі болады. Әр жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу керек»,-деді Даурен Шеримов.  

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Айжан Тохтабаева спикерге өзінің ілтипатын білдіре отырып, ЭЖМ «Көшбасшылар Форумында» құрметті спикер резиденттігін айқындайтын сертификатты тапсырды. Өз кезегінде Шеримов мырза Qazaq Banki мен КАЗГЮУ Университеті Экономика Жоғары Мектебі арасындағы бірлескен жобасының орындалуына келісімін берді.

Даурен Шеримовке ЭЖМ-де болашақ қаржыгерлер үшін өткізген сәтті қонақ дәрісі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!