ҒЗИ басқарма Басшысы кәсіпкерлік бойынша жастар чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті

2016 жылдың 19 мамырында ҰКП басқармасының басшысы бизнес-кейстерді шешудің «Кемел Кәсіпкер» республикалық чемпионатының жеңімпаздарымен – КАЗГЮУ Университеті Экономика жоғары мектебінің «Элит» командасымен кездесті

Аблай Мырзахметов таныстығына ризашылығын білдіріп, күннің аяғына таман жылышырайлы кездесу болғанын атап өтті. Ол өзі туралы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Аблай Мырзахметов студенттерге бизнес белгілі бір қасиеттерді қажет ететінін айтты. Кәсіпкер өз пікірін былайша суреттеді: «Белгілі бір тәуекелге бара алатын сезім болуы керек, жауапкершілікті мойнына ала білуі керек, көшбасшылыққа бейім болу керек. Біреу менеджер, біреу бизнестің иесі, біреу жалданатын қызметкер – әркімнің өз рөлі болады».