Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы қатысушыларына сертификаттарды тапсыру

2016 жылдың 15 маусымында қонақ дәріскерлерді шақыру арқылы ЭЖМ-нің Көшбасшылықты дамыту бағдарламасына қатысушы-студенттеріне сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Soluxe Hotel Astana Бас менеджерінің ассистенті Болат Омаров, «Бизнес және Шешендік өнер Академиясы» директоры Данил Файзуллаев, «Naimi.kz»компаниясының коммерциялық директоры Магжан Мадиев, «Туроператор KAZUNION» компаниясының негізін салушы Лаура Галиевалар құттықтау сөздерін айтты. Сонымен қатар видеожолдауларын шетелдік қонақтарымыз жібергенін де айту керек – Alexander Dawoody, Пенсильваниядағы Marywood Университетінде мемлекеттік саясат пен әкімгершілік доценті, Cihan Cobanoglu, McKibbon төрағасы, M3 Centre директоры, Kevin Rogers, МВА, кеңес беруші/ өмірлік жаттықтырушы, Elvira Tanzarella, Орталық Азия бойынша DDI Институтының директоры (АҚШ, Портленд), әрекет етуші психолог.

Біздің достарымызға өз алтындай уақыттарын бөліп, біздің студенттерімізге ақыл-кеңестер бергендеріне, жылы пікірлерін білдіргендеріне алғыс білдіреміз.

Көшбасшылықты дамыту бағдарламасынан өткен студенттерді құттықтаймыз, әрі үнемі әрдайым мықты, күш-қуатты, батыл қадамдарға бейім, барлық бастамаларында жетістікке жетулеріне, денсаулықтарының мықты болуына тілектеспіз!