Асылбек Джакиевтің қонақ дәрісі

17 маусымда Атырау облысы кәсіпкерлерінің аймақтық палатасының директоры Асылбек Джакиевтің «Аймақтардағы бизнес» тақырыбында қонақ дәрісі табысты өтеді.

Студенттермен және біздің әріптестерімізбен Асылбек өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерліктің не екенін айтып өтті. Әр адамды өз бизнесімен айналысуға шақырды. Экономика жоғары мектебінің директоры Дильбар Гимранова дәріс соңында Асылбектен болашақ кәсіпкерде болу керек қасиеттерді атап өтуін өтінді. Оған Асылбек былайша жауап берді: «Ең бастысы – академиялық білім, сенің AlmaMater-ің. Ол сенің өмірге деген көзқарасыңды қалыптастырып, саналы түрде жетілуіңе ықпалдасады. Сонымен қатар жеке қабілеттерді де дамытуды ұмытпау керек».

Асылбек Джакиевке қызықты да пайдалы дәріс өткізгеніне алғысымызды білдіреміз!