f_kitay_02_20142911104216

2016 жылдан бастап ЭЖМ Ынтымақтастық және рекрутинг орталығы ҚХР жоғары оқу орындарымен екі жақты қатынастар аясында өз түлектеріне Қытайдың үкіметтік гранттары негізінде магистратурада не докторантурада оқу мүмкіндігін ұсынады.

Қытай үкіметінің гранттары толық не жартылай төленген болып табылады, олар шетелдік ізденушілерге ҚХР Білім министрлігі қол қойған, білімдік алмасу саласындағы келісімдер немесе мемлекеттік органдармен, мекемелермен, оқу орындарымен, сондай-ақ тиісті халықаралық ұйымдармен өзара түсіністік туралы келісімдер негізінде беріледі.

ҚХР Білім министрлігі Қытайдың стипендиялық комитетіне (China Scholarship Council-CSC) үкіметтік гранттар бойынша оқуға шетелдік білім алушыларды жинау және стипендия иегерлерінің күнделікті өмірін ұйымдастыру бойынша жұмысты тапсырады.

Шетелдік студенттердің ҚХР-да оқу мерзімі:

Білім алушылардың санаты Мамандық бойынша оқу курсы Қытай тілі бойынша курстарда қосымша оқу кезеңі Гранттың мерзімі
Студент 4 – 5 жыл 1 – 2 жыл 4 – 7 жыл
Магистрант 2 – 3 жыл 1 – 2 жыл 2 – 5 жыл
Докторант 2 – 3 жыл 1 – 2 жыл 2 – 5 жыл

 Қатысушыларға қойылатын талаптар:

 ҚХР азаматы болмауы,  дені сау болуы.

  4-курс студенттері немесе жоғары оқу орнының түлектері (магистрантар 35 жастан, докторантар 40 жастан аспауға тиіс);

 GPA  3.0 кем емес;

 қытай тілін білу немесе оны жаттау ниеті.

Бағдарламаның шарттары:

 КАЗГЮУ ЭЖМ әріптесі болатын қытайлық жоғары оқу орнының магистратурасында не докторантурасында тегін оқу;

 стипендия иегерлері тіркеу жарнасын төлеуден, зертханалық жабдықты пайдаланғаны үшін төлемнен, тәжірибенің ақысын төлеуден, негізгі оқу материалдарының ақысын төлеуден босатылады, сондай-ақ оқу орнының аумағындағы жатақханада тегін тұра алады;

 грантпен байланысты барлық күнделікті шығындардың ақысы төленеді;

 ҚХР келген кезде біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді;

 амбулаториялық медициналық қызмет көрсетудің және шетелдік білім алушылар үшін қытайлық үкіметтің бас сақтандыру ақысы төленеді;

 біржолғы тәртіппен қалааралық көліктің ақысы төленеді.