Түйіндеме жазу бойынша нұсқаулық

Жақсы жазылған түйіндеме – бұл табысты жұмысқа орналасудың ажырамас бөлігі.
Түйіндеменің мақсаты – өзіне назар аудару және жұмыс берушінің сізді сұхбаттасуға шақыруға ықпалы.

Түйіндемеде нақты вакансияға қатысты ақпарат болуы керек екенін ұмытпаңыз. Сондықтан селективтілік принципін сақтау маңызды.
Түйіндеме рекрутердің қолына түскеннен кейін «скринингтен» өтеді, ал «10 секундтық тесттен» өтпеген түйіндеме жойылады. Сіздің түйіндемеңіз «скринингтен» өтуі үшін және сіз сұхбаттасуға шақырылған кандидаттардың қатарына ену үшін, сіз келесі ережелерді ұстанғаныңыз жөн:

Құрылымды сақтаңыз
• Қысқаша жеке ақпарат
• Жұмыс тәжірибесі
• Білім дәрежесі
• Қосымша ақпарат (курстар, дағдылар, жарияланымдар және т.б.)

Жауапкершілікті емес, жетістіктерді тізімдеңіз
Компанияға қандай үлес қосқаныңызды қысқаша сипаттаңыз (сандық түрде).

Сіз өзіңіздің алғашқы тәжірибеңізді алған компания туралы заманауи ақпаратты (бір сөйлеммен) беріңіз.
Мысалы: BI Group (ірі құрылыс холдингі, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында көшбасшы)

Мағыналық жүктеме көтермейтін сөздерді жазбаңыз (өте тиімді, дәлелді, жақсы, әсерлі, көпшіл)

Түйіндеме 3 беттен аспауы керек.

Pdf немесе pdf + docx форматтарында пішімделген болу қажет.

Түйіндемені өзіңіз жаза алмасаңыз, түйіндемені конструктор көмегімен жазуға кеңес береміз.
Төменде жұмыс берушіге сіздің барлық артықшылықтарыңызды органикалық түрде көрсете алатын сілтемелер берілген:

https://www.canva.com

https://www.goodcv.com/

Indeed.com

Myperfectresume.com

zety.com

Сонымен қатар, тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту орталығы Кристина Лимаренкомен – іскери коммуникация курсының оқытушысы, Батыс Иллинойс университетінің байланыс магистрі, «Болашақ» стипендиясының түлегі онлайн-кездесу өткізді.

Вебинардың тақырыбы түйіндеме жазудың тиімді тәсілдері және осы процессте көпшілік жіберетін қателіктер.