VII Еуразиялық Экономикалық Жастардың Форумында ЭЖМ студенттерінің ІІ орны

Экономика Жоғары Мектебі студенттері Екатиринбургте VII Еуразиялық Экономикалық Жастардың Форумына қатысты (Ресей). Студенттер әлемнің 18 елінің арасынан келген 60 командадан оза шауып, «Еуразия жұлдызы» төсбелгісі мен ақшалай сыйақы алып, ІІ жүлделі орынды иеленді.

Команда қазылар алқасы (оның біреуі Ресейдің жетекші бизнесмендерінің бірі)  жоғары бағалаған “Тепло от сердца” («Жүректен жылу») жобасын таныстырды.  Жоба әлеуметтік-бағдарланған болып табылады, себебі ол әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға қатысты. Онда  оларға ғаламтордағы технологиялар арлқылы ақшалай табыс табу мүмкіндігі көрсетілген.

Ержан Алимбеков, Даулет Досов, Саяхат Медеубай, Дияра Омарова, Данияра Сарманова, Амина Хамит, Нұрсүлтана Ескендировтерді, сонымен қатар жетекші Арлан Каримовты ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!