КАЗГЮУ-дың Экономика жоғары мектебі шетелдегі үш жоғары оқу орнымен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭЖМ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ҮШ ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРНЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

2016 жылдың 7 қазанында Астанада «Болашақ» бағдарламасының Орталық Азиядағы ең ірі Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair – 2016 (BARCEF-2016) ІІІ халықаралық конференциясы өтті.

Осы шара КАЗГЮУ Университетінің ЭЖМ және Рига Техникалық Университеті (Riga Technical University – RTU), Финляндияның Қолданбалы ғылымдар университеті (Häme University of Applied Sciences – HAMK), Қолданбалы ғылымдар университеті JAMK (JAMK University of Applied Sciences) арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою үшін алаңға айналды.

Конференция-форумының мақсаты тиімді рекрутингтік процесті өткізу, мамандарды даярлауда мүмкіндіктерді кеңейту, академиялық ұтқырлық, білім беру жобалары және алмасу бағдарламалары мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік университеттердің арасында халықаралық әріптестікті нығайту үшін кәсіби алаң құру болып табылады.

«Болашак» бағдарламасының BARCEF-2016 ІІІ халықаралық конференциясына ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі Джамиля Нұрманбетова, Академиялық саралау және үстемдік бойынша IREG обсерваториясының президенті Ян Садлак, мұнай және табиғи газ саласындағы сарапшы, профессор, Пенсильвания штаты Университетінің ғаламдық бағдарламалары жөніндегі вице-ректоры Майкл Адевуми, «Болашак» бағдарламасының әріптестері (British Council, Campus France, Alliance française, DAAD және т.б), «Ғаламдық білім» (Сколково) және «Алгарыш» (Татарстан) стипендиялық бағдарламаларының, алпыстан астам шетелдік және қазақстандық университеттердің өкілдері, сондай-ақ «Болашак» бағдарламасының түлектері қатысты.

Конференция барысында «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің міндетті жұмыс істеу мерзімдерін қысқарту, олардың ауылдық мектеп оқушыларына әлеуметтік көмек көрсету мүмкіндігі, «Болашақ» стипендиясына құжаттарды тапсыру рәсімі және т.б. туралы өзекті мәселелер көтерілді.

Форум соңында Халықаралық білім беру көрмесі өтті, шетелдік әріптестердің – білім беру ұйымдарының тұсаукесерлері және қазақстандық және шетелдік университеттердің арасында меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Қазақстандық тараптан КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі, КИМЭП Университеті, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қатысты.